Ваш гид в законодательстве Казахстана

Каз Рус

Магистральдық құбыр туралы
10-бап. Ұлттық оператор



Ст. 10 Магистральдық құбыр туралы 2012 жылғы 22 маусымдағы № 20-V Заңы



1. Ұлттық оператор:

1) меншік иесінің дауыс беретін акцияларының (қатысу үлестерінің) елу және одан да көп пайызы мемлекетке, ұлттық басқарушы холдингке немесе ұлттық компанияға тікелей немесе жанама түрде тиесілі, өнімнің тиісті түрі бойынша магистральдық құбыр арқылы Қазақстан Республикасының аумағында операторлық қызметтерді көрсету құқығына ие;

2) ұлттық операторға меншік құқығында немесе өзге де заңды негізде тиесілі магистральдық құбыр арқылы Қазақстан Республикасының аумағынан тасымалданатын өнімді басқа мемлекеттердің құбыр жүйелері арқылы тасымалдауды ұйымдастыру жөніндегі қызметтерді көрсету (бірыңғай маршруттау бойынша операторлық қызмет) құқығына ие.

2. Осы баптың 1-тармағының 1) тармақшасында көзделген құқық Қазақстан Республикасының халықаралық шарттарын іске асыру мақсатында дауыс беретін акцияларының (қатысу үлестерінің) елу және одан да көп пайызы мемлекетке, ұлттық басқарушы холдингке немесе ұлттық компанияға тиесілі басқа заңды тұлғаға Қазақстан Республикасы Үкіметінің шешімімен берілетін жағдайларды қоспағанда, осы баптың 1-тармағында көзделген құқықтарды өзге де тұлғалардың жүзеге асыруына жол берілмейді. 

3-тарау. МАГИСТРАЛЬДЫҚ ҚҰБЫР. МАГИСТРАЛЬДЫҚ ҚҰБЫР
МҰҚТАЖДАРЫНА АРНАЛҒАН ЖЕРЛЕР


Статья 1 ...8 9 10 11 12 ...32 

Перейти к статье
Скачать бесплатно Магистральдық құбыр туралы 2012 жылғы 22 маусымдағы № 20-V Заңы 

Задать вопрос на юридическом форуме



Добавить комментарий к 10-бап Магистральдық құбыр туралы 2012 жылғы 22 маусымдағы № 20-V Заңы