Ваш гид в законодательстве Казахстана

Каз Рус

Магистральдық құбыр туралы
2-бап. Осы Заңның қолданылу аясы



Ст. 2 Магистральдық құбыр туралы 2012 жылғы 22 маусымдағы № 20-V Заңы



1. Осы Заңның күші магистральдық құбыр саласындағы қоғамдық қатынастарға қолданылады.

2. Осы Заңның күші:

1) магистральдық құбырларға жатпайтын құбырды, магистральдық су құбырын салу және пайдалану кезінде туындайтын қоғамдық қатынастарға, сондай-ақ магистральдық құбырдың әлеуметтік-тұрмыстық мақсаттағы объектілерін салуға, олардың жұмыс істеуіне және оларды жоюға байланысты қатынастарға;

2) 1995 жылғы Қазақстан Республикасының Конституциясы қабылданғанға дейін трансшекаралық құбыр мәселесі бойынша Қазақстан Республикасының Үкіметі жасасқан үкіметаралық келісімдер және олармен байланысты Қазақстан Республикасының Үкіметі қатысқан кейінгі шарттар шеңберінде туындайтын құқықтық қатынастарға қолданылмайды.

3. Осы Заң «Газ және газбен жабдықтау туралы» Қазақстан Республикасының Заңында реттелмеген бөлігінде магистральдық газ құбыры саласындағы қатынастарға қолданылады.

Статья 1 2 3 4 ...32 

Перейти к статье
Скачать бесплатно Магистральдық құбыр туралы 2012 жылғы 22 маусымдағы № 20-V Заңы 

Задать вопрос на юридическом форуме



Добавить комментарий к 2-бап Магистральдық құбыр туралы 2012 жылғы 22 маусымдағы № 20-V Заңы