Ваш гид в законодательстве Казахстана

Каз Рус
< Магистральдық құбыр туралы

Магистральдық құбыр туралы
7-бап. Магистральдық құбыр саласындағы өзге де мемлекеттік органдардың құзыреті



Ст. 7 Магистральдық құбыр туралы 2012 жылғы 22 маусымдағы № 20-V Заңы



1. Өнеркәсіптік қауіпсіздік саласындағы уәкілетті орган:

1) «Азаматтық қорғау туралы» Қазақстан Республикасының Заңына сәйкес магистральдық құбырды пайдаланған кезде өнеркәсіптік қауіпсіздік саласында мемлекеттік қадағалауды жүзеге асырады;

2) осы Заңда, Қазақстан Республикасының өзге де заңдарында, Қазақстан Республикасы Президентінің және Қазақстан Республикасы Үкіметінің актілерінде көзделген өзге де өкілеттіктерді жүзеге асырады.

2. Облыстардың, республикалық маңызы бар қалалардың және астананың жергілікті атқарушы органдары өз құзыреті шегінде:

1) магистральдық құбыр саласындағы мемлекеттік саясатты іске асыруға қатысады;

2) магистральдық құбыр мұқтаждары үшін Қазақстан Республикасының заңнамасында белгіленген тәртіппен жер учаскелерін беруді қамтамасыз етеді;

3) магистральдық құбырдағы авариялар мен төтенше жағдайларды және олардың зардаптарын жоюға жәрдемдеседі;

4) жергілікті мемлекеттік басқару мүдделерінде Қазақстан Республикасының заңнамасымен жергілікті атқарушы органдарға жүктелетін өзге де өкілеттіктерді жүзеге асырады.

3. Қазақстан Республикасының мемлекеттік кіріс органдары Кеден одағының және (немесе) Қазақстан Республикасының кеден заңнамасына сәйкес Кеден одағының кедендік шекарасы арқылы өнімді магистральдық құбырмен өткізуді кедендік реттеуді жүзеге асырады.

 Ескерту. 7-бапқа өзгерістер енгізілді - ҚР 11.04.2014 № 189-V (алғашқы ресми жарияланған күнінен кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі); 29.09.2014 N 239-V (алғашқы ресми жарияланған күнінен кейiн күнтiзбелiк он күн өткен соң қолданысқа енгiзiледi); 07.11.2014 № 248-V (алғашқы ресми жарияланған күнінен кейiн күнтiзбелiк он күн өткен соң қолданысқа енгiзiледi) Заңдарымен.

Статья 1 ...5 6 7 8 9 ...32 

Перейти к статье






Добавить комментарий к 7-бап Магистральдық құбыр туралы 2012 жылғы 22 маусымдағы № 20-V Заңы