Ваш гид в законодательстве Казахстана

Каз Рус

Медиация туралы
11-бап. Медиация тараптарының құқықтары мен міндеттері



Ст. 11 Медиация туралы 2011 жылғы 28 қаңтардағы № 401-IV



1. Медиация тараптары:

1) медиаторды (медиаторларды) ерікті түрде таңдауға;

2) медиатордан бас тартуға;

3) медиацияның кез келген сәтінде оған қатысудан бас тартуға;

4) медиацияны жүргізуге жеке өзі немесе өкілеттіктері заңда белгіленген тәртіппен ресімделген сенімхатқа негізделген өкілдері арқылы қатысуға;

5) дауды (дау-шарды) реттеу туралы келісімді орындамаған немесе тиісті дәрежеде орындамаған кезде сотқа немесе оған байланысты Қазақстан Республикасының заңнамасында белгіленген тәртіппен медиация жүзеге асырылған, іс жүргізуінде жатқан қылмыстық процесті жүргізетін органға жүгінуге құқылы.

2. Медиация тараптары дауды (дау-шарды) реттеу туралы келісімді осы келісімде көзделген тәртіппен және мерзімде орындауға міндетті.

3. Медиация тараптарының Қазақстан Республикасының заңнамасында көзделген басқа да құқықтары мен басқа да міндеттері бар.

Статья 1 ...9 10 11 12 13 ...28 

Перейти к статье
Скачать бесплатно Медиация туралы 2011 жылғы 28 қаңтардағы № 401-IV 

Задать вопрос на юридическом форуме



Добавить комментарий к 11-бап Медиация туралы 2011 жылғы 28 қаңтардағы № 401-IV