Ваш гид в законодательстве Казахстана

Каз Рус

Медиация туралы
12-бап. Медиатордың бас тартуы



Ст. 12 Медиация туралы 2011 жылғы 28 қаңтардағы № 401-IV



1. Медиация тараптары өзара келісім бойынша басқа медиаторды таңдауға құқылы.

Азаматтық немесе қылмыстық сот ісін жүргізу барысында медиацияны жүргізу кезінде тараптар бұл туралы сотқа не қылмыстық қудалау органына хабарлауға міндетті.

2. Медиация қағидаттарына сәйкес медиатордың өз функцияларын жүзеге асыруына кедергі келтіретін мән-жайлар туындаған жағдайда, медиатор дереу өздігінен бас тартуды мәлімдеуге міндетті.

3. Егер медиатордың пікірі бойынша медиацияны жүргізу процесіндегі одан арғы күш-жігер тараптар арасындағы дауды (дау-шарды) шеше алмайтын болса, медиатор оны жүргізуден бас тартуға не тараптардың жазбаша нысанда бекітілген келісімімен медиацияны тоқтатуға құқылы.

Статья 1 ...10 11 12 13 14 ...28 

Перейти к статье
Скачать бесплатно Медиация туралы 2011 жылғы 28 қаңтардағы № 401-IV 

Задать вопрос на юридическом форуме



Добавить комментарий к 12-бап Медиация туралы 2011 жылғы 28 қаңтардағы № 401-IV