Ваш гид в законодательстве Казахстана

Каз Рус
< Медиация туралы

Медиация туралы
21-бап. Медиация туралы шарттың нысаны мен мазмұны



Ст. 21 Медиация туралы 2011 жылғы 28 қаңтардағы № 401-IV



1. Тараптар дауды (дау-шарды) медиация арқылы шешу туралы өзара келіскен жағдайда жазбаша нысанда ресімделген медиация туралы шарт жасалады.

2. Медиация туралы шарттың маңызды талаптары:

1) медиация туралы шарттың жасалған күні, уақыты және орны;

2) дау (дау-шар) тараптарының атаулары, өкілеттіктері көрсетілген олардың өкілдерінің тегі және аты-жөні, лауазымдары;

3) даудың (дау-шардың) нысанасы;

4) медиация тараптары таңдаған медиатор (медиаторлар) туралы мәліметтер;

5) медиацияны жүргізуге байланысты шығыстардың, ал медиацияны кәсіби негізде жүзеге асырған жағдайда – медиацияны жүргізгені үшін медиаторға (медиаторларға) сыйақы төлеудің шарттары, тәртібі және мөлшері;

6) медиацияны жүргізу тілі;

7) медиацияны жүргізудің құпиялылығы туралы тараптардың міндеттемесі және мұндай міндеттемені орындамаудың салдары;

8) медиация тараптарының дауды (дау-шарды) реттеуге қатысатын медиатордың медиация тараптары үшін шығын (залал) келтірген әрекеті (әрекетсіздігі) үшін жауапкершілігінің негіздері мен көлемі;

9) тараптардың деректемелері (жеке басын куәландыратын деректер, тұрғылықты жері, байланыс телефондары);

10) медиацияны жүргізу мерзімі;

11) медиацияны жүргізу тәртібі болып табылады.

3. Тараптардың келісімі бойынша медиаторларға қосымша талаптар белгіленуі мүмкін.

4. Тараптар медиация тараптарының медиаторға медиация жүргізгені үшін сыйақы төлеу шарттары, тәртібі және мөлшері медиаторлар ұйымы бекіткен тәртіппен (регламент) белгіленетіні туралы уағдаласа алады.

Статья 1 ...19 20 21 22 23 ...28 

Перейти к статье






Добавить комментарий к 21-бап Медиация туралы 2011 жылғы 28 қаңтардағы № 401-IV