Ваш гид в законодательстве Казахстана

Каз Рус

Медиация туралы
5-бап. Еріктілік



Ст. 5 Медиация туралы 2011 жылғы 28 қаңтардағы № 401-IV



1. Тараптардың медиация туралы шартта көрсетілген өзара ерікті ниет білдіруі медиация рәсіміне қатысудың шарты болып табылады.

2. Медиация тараптары оның кез келген сатысында медиациядан бас тартуға құқылы.

3. Медиация барысында тараптар өз қалауы бойынша өздерінің материалдық немесе процессуалдық құқықтарын иеленуге, талаптар мөлшерін ұлғайтуға немесе азайтуға немесе даудан (дау-шардан) бас тартуға құқылы.

 4. Тараптар мен үшінші тұлғалардың құқықтары мен заңмен қорғалатын мүдделерін бұзбайтын, заңда көзделген де, заңда көзделмеген де өзара қолайлы келісім нұсқаларын талқылау үшін мәселелерді таңдауда тараптар еркін болады.

Ескерту. 5-бапқа өзгеріс енгізілді - ҚР 31.10.2015 № 378-V Заңымен (01.01.2016 бастап қолданысқа енгізіледі).

Статья 1 ...3 4 5 6 7 ...28 

Перейти к статье
Скачать бесплатно Медиация туралы 2011 жылғы 28 қаңтардағы № 401-IV 

Задать вопрос на юридическом форуме



Добавить комментарий к 5-бап Медиация туралы 2011 жылғы 28 қаңтардағы № 401-IV