Ваш гид в законодательстве Казахстана

Каз Рус
< Медиация туралы

Медиация туралы
7-бап. Медиатордың тәуелсіздігі мен бейтараптылығы. Медиация рәсіміне араласуға жол бермеушілік



Ст. 7 Медиация туралы 2011 жылғы 28 қаңтардағы № 401-IV



1. Медиацияны жүргізу кезінде медиатор тараптардан, мемлекеттік органдардан, өзге де заңды, лауазымды және жеке тұлғалардан тәуелсіз болады. Медиатор осы Заңда жол берушілік айқындалатын медиация құралдары мен әдістерін таңдауда дербес болады.

2. Медиатор бейтарап болуға, медиацияны екі тараптың мүддесі үшін жүргізуге және медиация рәсіміне тараптардың тең қатысуын қамтамасыз етуге тиіс. Медиатордың бейтараптылығына кедергі келтіретін жағдайлар болған кезде ол медиацияны жүргізуден бас тартуға тиіс.

3. Медиацияны жүргізу кезінде медиатордың қызметіне Қазақстан Республикасының заңдарында көзделгендерден басқа жағдайларда, осы баптың 1-тармағында аталған адамдар тарапынан араласуына жол берілмейді.

Статья 1 ...5 6 7 8 9 ...28 

Перейти к статье






Добавить комментарий к 7-бап Медиация туралы 2011 жылғы 28 қаңтардағы № 401-IV