Ваш гид в законодательстве Казахстана

Каз Рус

Қазақстан Республикасындағы жергiлiктi мемлекеттiк басқару және өзiн-өзi басқару туралы
26-бап. Облыстың, республикалық маңызы бар қаланың, астананың әкiмдіктері. Құрылуы және құрамы



Ст. 26 Қазақстан Республикасындағы жергiлiктi мемлекеттiк басқару және өзiн-өзi басқару туралы 2001 жылғы 23 қаңтардағы N 148



1. Облыстық, республикалық маңызы бар қалалық, астаналық әкiмдік Қазақстан Республикасы атқарушы органдарының бiртұтас жүйесiне кiредi, атқарушы билiктiң жалпы мемлекеттiк саясатын тиiстi аумақты дамыту мүдделерiмен және қажеттілiгімен үйлестiре жүргізудi қамтамасыз етедi. 

2. Облыстық, республикалық маңызы бар қалалық, астаналық әкiмдікті облыстың, республикалық маңызы бар қаланың, астананың әкiмi басқарады. 

3. Әкiм облыстық, республикалық маңызы бар қалалық, астаналық әкiмдікті әкiм орынбасарларынан, әкiм аппаратының басшысынан, жергiлiктi бюджеттен қаржыландырылатын атқарушы органдардың бiрiншi басшыларынан құрады. 

4. Облыс, республикалық маңызы бар қала, астана әкiмдігінің отырыстарын әзiрлеу мен өткiзу, сондай-ақ олардың шешiм қабылдау тәртiбi әкiмдіктің регламентiнде белгiленедi. Yлгi регламенттi Қазақстан Республикасының Үкiметi бекiтедi. 

5. Әкiмдіктің дербес құрамы облыстық, республикалық маңызы бар қалалық, астаналық мәслихат сессиясының шешiмiмен келiсiледi. 

6. Облыс, республикалық маңызы бар қала, астана әкiмдігінің жұмысына орталық мемлекеттік органдардың аумақтық бөлімшелерінің басшылары кеңесшi дауыс құқығымен қатыса алады. 

7. Облыстық, республикалық маңызы бар қалалық, астаналық әкiмдік - алқалы орган, ол заңды тұлға болып табылмайды.

Статья 1 ...24-1 25 26 27 28 ...41 

Перейти к статье
Скачать бесплатно Қазақстан Республикасындағы жергiлiктi мемлекеттiк басқару және өзiн-өзi басқару туралы 2001 жылғы 23 қаңтардағы N 148 

Задать вопрос на юридическом форуме



Добавить комментарий к 26-бап Қазақстан Республикасындағы жергiлiктi мемлекеттiк басқару және өзiн-өзi басқару туралы 2001 жылғы 23 қаңтардағы N 148