Ваш гид в законодательстве Казахстана

Каз Рус

Қазақстан Республикасындағы жергiлiктi мемлекеттiк басқару және өзiн-өзi басқару туралы
28-бап. Облыс, республикалық маңызы бар қала, астана әкiмiн қызметке тағайындау және қызметiнен босату тәртiбi



Ст. 28 Қазақстан Республикасындағы жергiлiктi мемлекеттiк басқару және өзiн-өзi басқару туралы 2001 жылғы 23 қаңтардағы N 148



1. Облыс, республикалық маңызы бар қала, астана әкiмiн облыс, республикалық маңызы бар қала, астана мәслихатының келісуімен Қазақстан Республикасының Президенті қызметке тағайындайды. Облыс, республикалық маңызы бар қала, астана әкiмi лауазымына тағайындауды мәслихатпен келісу тәртібі осы Заңда айқындалады.

2. Облыс, республикалық маңызы бар қаланың, астананың әкiмiн Қазақстан Республикасының Президентi қызметiнен босатады.

3. Облыс, республикалық маңызы бар қала, астана әкiмiнiң өкiлеттiгi Қазақстан Республикасының жаңадан сайланған Президентi қызметiне кiрiскен кезде тоқтатылады. Бұл ретте әкiм Қазақстан Республикасының Президентi тиiстi әкiмдi тағайындағанға дейiн өз мiндетiн атқаруды жалғастыра бередi.

Ескерту. 28-бапқа өзгеріс енгізілді - ҚР 2009.02.09 N 126-IV (қолданысқа енгізілу тәртібін 2-баптан қараңыз), 13.06.2013 N 101-V (алғашқы ресми жарияланғанынан кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізiледi) Заңдарымен.

Статья 1 ...26 27 28 29 29-1 ...41 

Перейти к статье
Скачать бесплатно Қазақстан Республикасындағы жергiлiктi мемлекеттiк басқару және өзiн-өзi басқару туралы 2001 жылғы 23 қаңтардағы N 148 

Задать вопрос на юридическом форуме



Добавить комментарий к 28-бап Қазақстан Республикасындағы жергiлiктi мемлекеттiк басқару және өзiн-өзi басқару туралы 2001 жылғы 23 қаңтардағы N 148