Ваш гид в законодательстве Казахстана


Печать

Ст. 37 Қазақстан Республикасындағы жергiлiктi мемлекеттiк басқару және өзiн-өзi басқару туралы 2001 жылғы 23 қаңтардағы N 148


Действующий с изменениями и дополнениями. Проверено 19.03.2024

Қазақстан Республикасындағы жергiлiктi мемлекеттiк басқару және өзiн-өзi басқару туралы
37-бап. Әкiмдіктің, әкiмнiң актілерi

1. Әкiмдік Қазақстан Республикасының Конституциясы, заңдары, Қазақстан Республикасының Президентi мен Yкiметiнiң актiлерi, өзге де нормативтiк құқықтық актiлер негiзiнде және оларды орындау орайында қаулылар шығарады. 

2. Әкiмдік қаулысына әкiм қол қояды. 

3. Әкiм нормативтiк-құқықтық сипаттағы шешiмдер және әкiмшiлiк-басқарушылық, жедел және дербес сипаттағы мәселелер бойынша өкiмдер шығарады. 

4. Әкiмдіктің және (немесе) әкiмнің өз құзыретi шегiнде қабылдаған актiлерiнiң тиiстi әкiмшiлiк-аумақтық бөлiнiстiң бүкiл аумағында мiндеттi күшi болады. 

5. Әкiмдік және (немесе) әкiм актiлерiнiң қолданылуын тиiстi прокурордың тоқтата тұруы мүмкiн. 

6. Әкiмдіктің және (немесе) әкiмнiң азаматтардың құқықтарына, бостандықтары мен мiндеттерiне қатысты актiлерi (Қазақстан Республикасының мемлекеттiк құпиялары және заңмен қорғалатын өзге де құпиялары бар актiлерден басқа) мiндеттi ресми жариялауға жатады. 

7. Азаматтардың құқықтарына, бостандықтары мен міндеттеріне қатысты актілерді әкімдіктің, әкімнің қабылдауы "Құқықтық актілер туралы" Қазақстан Республикасының Заңында көзделген ерекшеліктер ескеріле отырып жүзеге асырылады. 

8. Қазақстан Республикасының Үкiметi, жоғары тұрған әкiмдік және (немесе) әкiм, әкiмдіктің және (немесе) әкiмнiң өзi, сондай-ақ соттың шешiмi әкiмдік және (немесе) әкiм актiлерi қолданылуын жоюы не толық немесе iшiнара тоқтата тұруы мүмкiн.  

Ескерту. 37-бапқа өзгерістер енгізілді - ҚР 2009.02.09 № 126-IV (қолданысқа енгізілу тәртібін 2-баптан қараңыз); 02.11.2015 № 384-V (01.01.2016 бастап қолданысқа енгізіледі); 06.04.2016 № 481-V (алғашқы ресми жарияланған күнінен кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі); 12.03.2021 № 15-VII (алғашқы ресми жарияланған күнінен кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі); 05.11.2022 № 157-VII (алғашқы ресми жарияланған күнінен кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі) Заңдарымен.

ЗҚАИ-ның ескертпесі!

38-баптың тақырыбының осы редакциясы ҚР 11.07.2017 № 90-VI Заңына сәйкес (қолданысқа енгізілу тәртібін 2-баптың 1-т. 1) тармақшасынан қараңыз) халық саны екі мың адамнан көп аудандық маңызы бар қалалар, ауылдар, кенттер, ауылдық округтер үшін – 01.01.2018 бастап қолданысқа енгізілді (халық саны екі мың адам және одан аз аудандық маңызы бар қалалар, ауылдар, кенттер, ауылдық округтер үшін 01.01.2020 дейін ҚР 23.01.2001 "Қазақстан Республикасындағы жергiлiктi мемлекеттiк басқару және өзiн-өзi басқару туралы" Заңының 11.07.2017 датадағы архивтік нұсқасын қараңыз).

38-бап. Облыс, республикалық маңызы бар қала, астана, аудан (облыстық маңызы бар қала), қаладағы аудан әкiмiнiң аппараты


1. Әкiмнiң қызметiн ақпараттық-талдау тұрғысынан, ұйымдық-құқықтық және материалдық-техникалық жағынан қамтамасыз етудi әкiм аппараты жүзеге асырады. 

2. Облыс, республикалық маңызы бар қала, астана, аудан (облыстық маңызы бар қала) әкімінің аппаратын тиісінше облыс, республикалық маңызы бар қала, астана, аудан (облыстық маңызы бар қала) әкімдігі құрады, таратады және ұйымдастырады.  

ЗҚАИ-ның ескертпесі!

2-тармақтың екінші бөлігінің осы редакциясы ҚР 11.07.2017 № 90-VI Заңына сәйкес (қолданысқа енгізілу тәртібін 2-баптың 1-т. 1) тармақшасынан қараңыз) халық саны екі мың адамнан көп аудандық маңызы бар қалалар, ауылдар, кенттер, ауылдық округтер үшін – 01.01.2018 бастап қолданысқа енгізілді (халық саны екі мың адам және одан аз аудандық маңызы бар қалалар, ауылдар, кенттер, ауылдық округтер үшін 01.01.2020 дейін ҚР 23.01.2001 "Қазақстан Республикасындағы жергiлiктi мемлекеттiк басқару және өзiн-өзi басқару туралы" Заңының 11.07.2017 датадағы архивтік нұсқасын қараңыз).

Қаладағы аудан әкімінің аппаратын республикалық маңызы бар қала, астана, облыстық маңызы бар қала әкімдігі құрады, таратады және қайта ұйымдастырады. 

2-1. Облыс, республикалық маңызы бар қала, астана, аудан (облыстық маңызы бар қала), қаладағы аудан әкiмi аппаратының басшысын Қазақстан Республикасының Президенті айқындайтын уәкілетті лауазымды адам Қазақстан Республикасының Президентi белгiлейтiн тәртiппен қызметке тағайындайды және қызметінен босатады. 

3. Әкiм өкiлеттiгiнің тоқтатылуына, жаңа әкiмнiң тағайындалуына немесе сайлануына байланысты әкiм аппаратының мемлекеттiк қызметшiлерi қызметiнiң мәселелерi Қазақстан Республикасының заңнамасымен айқындалады. 

4. Облыс, республикалық маңызы бар қала, астана әкімі аппаратының құрылымын қоспағанда, әкім аппараты туралы ережені, оның құрылымын тиісті әкімдік бекітеді. 

5. Әкiм аппараты жергiлiктi бюджеттiң есебiнен ұсталатын мемлекеттiк мекеме болып табылады. 

5-1. Республикалық маңызы бар қалалардағы, астанадағы аудан әкімінің аппараты: 

1) шаруашылық бойынша есепке алуды жүзеге асырады;  

2) шұғыл жағдайларда ауыр науқас адамдарды дәрігерлік көмек көрсететін ең жақын денсаулық сақтау ұйымына жеткізуді ұйымдастырады; 

3) елді мекендердің санитариясын, жерлеу орындарын күтіп-ұстауды және туған-туысы жоқтарды жерлеуді қамтамасыз етеді; 

4) елді мекендерді абаттандыруды және көгалдандыруды қамтамасыз етеді; 

5) әлеуметтік көмекті және әлеуметтік қамсыздандыруды, оның ішінде мемлекеттік әлеуметтік тапсырысты орналастыруды ұйымдастырады; 

6) тұрғын үй көмегі жөніндегі жұмысты ұйымдастырады;  

7) жергілікті деңгейде көші-қон іс-шараларын іске асыру жөніндегі жұмысты ұйымдастырады; 

8) мектепке дейінгі тәрбиелеу мен оқыту, оның ішінде мектепке дейінгі тәрбиелеу мен оқыту ұйымдарының қызметін қамтамасыз ету жөніндегі жұмысты ұйымдастырады; 

9) коммуналдық меншіктегі сумен жабдықтаудың, кәріздің, кәріздік сорғы станцияларының, газбен жабдықтау мен жарықтандырудың тарату желілерін жобалау, салу, реконструкциялау, күрделі жөндеу және жаңғырту жөніндегі жұмыстарға жәрдемдеседі; 

10) автомобиль жолдарын ағымдағы жөндеуді жүзеге асырады; 

11) тұрғын үй қорын түгендеу жөніндегі жұмысты ұйымдастырады; 

12) шығармашылық үйірмелер мен спорт секцияларын жан басына шаққандағы нормативтік қаржыландыруды іске асыруды жүзеге асырады; 

13) үкіметтік емес ұйымдарда мемлекеттік әлеуметтік тапсырысты орналастыру жөніндегі жұмысты ұйымдастырады. 

5-2. Облыс, республикалық маңызы бар қалалар, астана, аудан (облыстық маңызы бар қала), қаладағы аудан әкімінің аппараты осы Заңда және Қазақстан Республикасының өзге де заңнамасында жүктелген өзге де өкілеттіктерді жүзеге асырады. 

6. Алып тасталды - ҚР 11.07.2017 № 90-VI Заңымен (қолданысқа енгізілу тәртібін 2-баптың 1-т. 1) тармақшасынан қараңыз).

Ескерту. 38-бапқа өзгерістер енгізілді - ҚР 2004.05.11 № 552 (қолданысқа енгізілу тәртібін 2-баптан қараңыз), 2004.12.21 № 15 (қолданысқа 2005.01.01 енгізіледі), 13.06.2013 № 101-V (алғашқы ресми жарияланғанынан кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізiледi); 02.11.2015 № 387-V (алғашқы ресми жарияланған күнінен кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі); 23.11.2015 № 417-V (алғашқы ресми жарияланған күнінен кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі); 11.07.2017 № 90-VI (қолданысқа енгізілу тәртібін 2-баптың 1-т. 1) тармақшасынан қараңыз); 30.12.2022 № 177-VII (алғашқы ресми жарияланған күнінен кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі) Заңдарымен.
Статья 1 ...36‑1 36‑2 37 38‑1 39 ...41

Перейти к статье
Новые комментарии на сайте

толық емес жұмыс уақыты бойынша еңбек шартына жыл сайынғы ақылы еңбек ақы төленеді ме?

Трудовой договор по совместительству смогу ли я получит ежегодный оплачиваемый отпуск?


здравствуйте 22.02.24. Составили протокол по 432-2 ст. Административное правонарушение . То что я как покурил бросил окурок на землю , но я не бросал его а положил на железное ограждения, и начал разгружать машину ,после собирался забрать и выбросить в урну, но подошли сотрудники, и составили протокол. Подскажите что делать. Я не подписывал протокол,а указал что не согласен





345 часть 3 получил ограничения свободы на 2 года 5 месяцев. Когда можно ходатайство подать, чтобы убрать ограничение свободы. Неше ай уакыт оту керек. Рахмет


Граждане и юридические лица должны действовать при осуществлении принадлежащих им прав добросовестно, разумно и справедливо, соблюдая содержащиеся в законодательстве требования, нравственные принципы общества, а предприниматели также правила деловой этики.

     Эта обязанность не может быть исключена или ограничена договором. Добросовестность, разумность и справедливость действий участников гражданских правоотношений предполагаются.


Последние комментарии






Вы юрист? Нужны новые клиенты?
Разместите информацию о себе

- Это бесплатно

- Информация о 5 лучших юристах на всех страницах сайта

- Эту рекламу видят более 10 000 посетителей в день

- Для поднятия рейтинга надо отвечать на вопросы пользователей

Зарегистрироваться