Ваш гид в законодательстве Казахстана

Каз Рус

Печать

Ст. 38 Қазақстан Республикасындағы жергiлiктi мемлекеттiк басқару және өзiн-өзi басқару туралы 2001 жылғы 23 қаңтардағы N 148


Действующий с изменениями и дополнениями. Проверено 08.10.2018

Қазақстан Республикасындағы жергiлiктi мемлекеттiк басқару және өзiн-өзi басқару туралы
38-бап. Облыс, республикалық маңызы бар қала, астана, аудан (облыстық маңызы бар қала), қаладағы аудан әкiмiнiң аппараты

1. Әкiмнiң қызметiн ақпараттық-талдау тұрғысынан, ұйымдық-құқықтық және материалдық-техникалық жағынан қамтамасыз етудi әкiм аппараты жүзеге асырады. 

2. Облыс, республикалық маңызы бар қала, астана, аудан (облыстық маңызы бар қала) әкімінің аппаратын тиісінше облыс, республикалық маңызы бар қала, астана, аудан (облыстық маңызы бар қала) әкімдігі құрады, таратады және ұйымдастырады.  

РҚАО-ның ескертпесі!

2-тармақтың екінші бөлігінің осы редакциясы ҚР 11.07.2017 № 90-VI Заңына сәйкес (қолданысқа енгізілу тәртібін 2-баптың 1-т. 1) тармақшасынан қараңыз) халық саны екі мың адамнан көп аудандық маңызы бар қалалар, ауылдар, кенттер, ауылдық округтер үшін – 01.01.2018 бастап қолданысқа енгізілді (халық саны екі мың адам және одан аз аудандық маңызы бар қалалар, ауылдар, кенттер, ауылдық округтер үшін 01.01.2020 дейін ҚР 23.01.2001 "Қазақстан Республикасындағы жергiлiктi мемлекеттiк басқару және өзiн-өзi басқару туралы" Заңының 11.07.2017 датадағы архивтік нұсқасын қараңыз).

Қаладағы аудан әкімінің аппаратын республикалық маңызы бар қала, астана, облыстық маңызы бар қала әкімдігі құрады, таратады және қайта ұйымдастырады. 

2-1. Облыс, республикалық маңызы бар қала, астана, аудан (облыстық маңызы бар қала), қаладағы аудан әкiмi аппаратының басшысын Қазақстан Республикасының Президенті айқындайтын уәкілетті лауазымды адам Қазақстан Республикасының Президентi белгiлейтiн тәртiппен қызметке тағайындайды және қызметінен босатады. 

3. Әкiм өкiлеттiгiнің тоқтатылуына, жаңа әкiмнiң тағайындалуына немесе сайлануына байланысты әкiм аппаратының мемлекеттiк қызметшiлерi қызметiнiң мәселелерi Қазақстан Республикасының заңнамасымен айқындалады. 

4. Облыс, республикалық маңызы бар қала, астана әкімі аппаратының құрылымын қоспағанда, әкім аппараты туралы ережені, оның құрылымын тиісті әкімдік бекітеді. 

5. Әкiм аппараты жергiлiктi бюджеттiң есебiнен ұсталатын мемлекеттiк мекеме болып табылады. 

РҚАО-ның ескертпесі!

6-тармақты халық саны екі мың адам және одан аз аудандық маңызы бар қалалар, ауылдар, кенттер, ауылдық округтер үшін 01.01.2020 бастап алып тастау көзделген - ҚР 11.07.2017 № 90-VI Заңымен (қолданысқа енгізілу тәртібін 2-баптың 1-т. 1) тармақшасынан қараңыз).

РҚАО-ның ескертпесі!

6-тармақ ҚР 11.07.2017 № 90-VI Заңына сәйкес (қолданысқа енгізілу тәртібін 2-баптың 1-т. 1) тармақшасынан қараңыз) халық саны екі мың адамнан көп аудандық маңызы бар қалалар, ауылдар, кенттер, ауылдық округтер үшін – 01.01.2018 бастап алып тасталды.

6. Жергілікті өзін-өзі басқару қаражаты есебінен сатып алынған мүлік аудандық маңызы бар қаланың, кенттің, ауылдың, ауылдық округтің әкімі аппаратының балансына бекітіліп беріледі. 

Ескерту. 38-бапқа өзгерістер енгізілді - ҚР 2004.05.11 N 552 (қолданысқа енгізілу тәртібін 2-баптан қараңыз), 2004.12.21 N 15 (қолданысқа 2005.01.01 енгізіледі), 13.06.2013 N 101-V (алғашқы ресми жарияланғанынан кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізiледi); 02.11.2015 № 387-V (алғашқы ресми жарияланған күнінен кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі); 23.11.2015 № 417-V (алғашқы ресми жарияланған күнінен кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі); 11.07.2017 № 90-VI (қолданысқа енгізілу тәртібін 2-баптың 1-т. 1) тармақшасынан қараңыз) Заңдарымен.

Статья 1 ...36 37 38 38‑1 39 ...41

Перейти к статье






Добавить комментарий к 38-бап Қазақстан Республикасындағы жергiлiктi мемлекеттiк басқару және өзiн-өзi басқару туралы 2001 жылғы 23 қаңтардағы N 148