Ваш гид в законодательстве Казахстана

Каз Рус

Қазақстан Республикасындағы жергiлiктi мемлекеттiк басқару және өзiн-өзi басқару туралы
39-7-бап. Жергілікті өзін-өзі басқарудың аумақтық кеңестері



Ст. 39-7 Қазақстан Республикасындағы жергiлiктi мемлекеттiк басқару және өзiн-өзi басқару туралы 2001 жылғы 23 қаңтардағы N 148



1. Жергілікті өзін-өзі басқарудың аумақтық кеңестерін тиісті әкімдік республикалық маңызы бар қала, астана, облыстық маңызы бар қала мәслихатының шешімі негізінде қалалық мәслихат депутаттарын сайлау бойынша бір немесе бірнеше сайлау округінің шегінде қала әкімі ұсынған құрамда құрады. 

2. Жергілікті өзін-өзі басқарудың аумақтық кеңесінің, оның басшысының қызмет нысаны, негізгі міндеттері, өкілеттіктері, басшыны сайлау тәртібі, қабылданатын шешімдердің мәртебесі және өзін-өзі басқарудың аумақтық кеңесі қызметінің басқа да ұйымдастырушылық мәселелері үлгілік ереже негізінде республикалық маңызы бар қала, астана, облыстық маңызы бар қала әкімдігі әзірлеген және республикалық маңызы бар қала, астана, облыстық маңызы бар қала мәслихаты бекіткен ережеде айқындалады. 

Жергілікті өзін-өзі басқарудың аумақтық кеңестері туралы үлгілік ережені жергілікті өзін-өзі басқаруды дамыту мәселелері жөніндегі уәкілетті орган бекітеді. 

Ескерту. 3-1-тарау 39-7-баппен толықтырылды - ҚР 31.10.2015 № 380-V Заңымен (алғашқы ресми жарияланған күнінен кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі).

4-тарау. ҚОРЫТЫНДЫ ЖӘНЕ ӨТПЕЛI ЕРЕЖЕЛЕР


Статья 1 ...39-5 39-6 39-7 40 41 

Перейти к статье
Скачать бесплатно Қазақстан Республикасындағы жергiлiктi мемлекеттiк басқару және өзiн-өзi басқару туралы 2001 жылғы 23 қаңтардағы N 148 

Задать вопрос на юридическом форуме



Добавить комментарий к 39-7-бап Қазақстан Республикасындағы жергiлiктi мемлекеттiк басқару және өзiн-өзi басқару туралы 2001 жылғы 23 қаңтардағы N 148