Ваш гид в законодательстве Казахстана

Каз Рус

Халықаралық төрелiк туралы
11-бап. Төрешiнiң өкiлеттiктерiн тоқтату



Ст. 11 Халықаралық төрелiк туралы 2004 жылғы 28 желтоқсандағы N 23 Заңы




1. Төрешiнiң өкiлеттiктерi осы Заңда көзделген негiздер бойынша тараптардың келiсiмiмен, сондай-ақ дауды қарау бойынша белгiленген мерзiм iшiнде өз өкiлеттiктерiн орындамаған немесе сырқаттануы бойынша, қайтыс болуына, не дауды қарау жөнiндегi өз өкiлеттiктерiнен бас тартуына байланысты өз мiндеттерiн жүзеге асыруға қабiлетi болмаған жағдайда тоқтатылуы мүмкін.

2. Төрелiктiң немесе дауды жеке-дара қарайтын төрешiнiң өкiлеттiктерi тоқтатылған жағдайда, қаралып жатқан дау бойынша iс жүргiзу басқа төрелiк сайланғанға (тағайындалғанға) дейiн тоқтатыла тұрады.

3. Төрешiнiң өкiлеттiктерi нақты iс бойынша шешiм қабылдағаннан кейiн тоқтатылады немесе егер тараптар осындай тоқтатуға қатысты уағдаласса тоқтатылады. Осы Заңның 30-бабында көзделген жағдайларда төрешiнiң өкiлеттiктерi қайта басталады, ал содан соң, аталған бапта көзделген iс жүргiзу әрекеттерi жасалғаннан кейiн тоқтатылады.

Ескерту. 11-бапқа өзгерту енгізілді - ҚР 2010.02.05 249-IV Заңымен.


Статья 1 ...9-1 10 11 12 13 ...33 

Перейти к статье
Скачать бесплатно Халықаралық төрелiк туралы 2004 жылғы 28 желтоқсандағы N 23 Заңы 

Задать вопрос на юридическом форуме



Добавить комментарий к 11-бап Халықаралық төрелiк туралы 2004 жылғы 28 желтоқсандағы N 23 Заңы