Ваш гид в законодательстве Казахстана

Каз Рус

Халықаралық төрелiк туралы
13-бап. Төрелiкте дауды шешуге байланысты шығыстар



Ст. 13 Халықаралық төрелiк туралы 2004 жылғы 28 желтоқсандағы N 23 Заңы



1. Дауды төрелiкте шешуге байланысты шығыстарға:

төрешiлердiң гонорары;

төрешiлердiң төрелiкте iс қарауға қатысуына байланысты шеккен шығыстары, соның iшiнде дау қаралатын жерге жол жүру, онда тұру және тамақтану ақысының шығыстары;

сарапшыларға және аудармашыларға төленуге тиiстi сомалар;

төрешiлердiң жазбаша және заттай айғақтарды олардың тұрған жерiнде қарап көруге және зерттеуге байланысты шеккен шығыстары;

куәлар шеккен шығыстар;

төрелiк шешiмi өз пайдасына шығарылған тараптың өкiл көрсеткен қызметтерiнiң ақысын төлеуге жұмсалған шығыстары;

төрелiкте iс қарауды ұйымдастыруға және материалдық қамтамасыз етуге жұмсалған шығыстары кiредi.

2. Тұрақты жұмыс iстейтiн төрелiкте төрешiлер гонорарының мөлшерiн тұрақты жұмыс iстейтiн төрелiктiң регламентiнде көзделген төрешiлер гонорарының шәкiлiне сәйкес төрелiктiң құрамы айқындайды.

Тұрақты жұмыс iстейтiн төрелiктiң регламентiнде төрешiлер гонорарының белгiленген мөлшерiне нұсқау болмаған кезде, төрелiк төрешi гонорарының мөлшерiн дау бойынша iс қараудың әрбiр нақты жағдайында, қойылған талаптың бағасын, даудың күрделiлігін, төрешiлердiң төрелiк iс қарауға кеткен уақытын және iске қатысты кез келген басқа да мән-жайларды ескере отырып айқындауы мүмкiн.

3. Төрелiкте нақты дауды шешу үшiн төрешiлер гонорарының мөлшерi тараптардың келiсiмi бойынша белгiленедi, ал келiсiм болмаған жағдайда тұрақты жұмыс iстейтiн төрелiк үшiн көзделген тәртiппен нақты дауды шешуге арналған төрелiк белгiлейдi.

Статья 1 ...11 12 13 14 15 ...33 

Перейти к статье
Скачать бесплатно Халықаралық төрелiк туралы 2004 жылғы 28 желтоқсандағы N 23 Заңы 

Задать вопрос на юридическом форуме



Добавить комментарий к 13-бап Халықаралық төрелiк туралы 2004 жылғы 28 желтоқсандағы N 23 Заңы