Ваш гид в законодательстве Казахстана

Каз Рус

Халықаралық төрелiк туралы
15-бап. Төрелiктiң өз құзыретi туралы қаулы шығаруға құқығы



Ст. 15 Халықаралық төрелiк туралы 2004 жылғы 28 желтоқсандағы N 23 Заңы



1. Төрелiк өзiне шешуге берiлген дауды қарауға өкiлеттiктepi (юрисдикциясы) бар немесе жоқ екендiгi туралы мәселенi, оның iшiнде тараптардың бiрi төрелiк келiсiм жарамсыз деген себеппен төрелiк iс қарауға қарсылық бiлдiрген жағдайда дербес шешедi.

2. Тараптар даудың мәнi бойынша алғашқы өтiнiш берiлгенге дейiн төрелiктiң өзiне шешуге берiлген дауды қарауға төрелiк соттың өкiлеттiктерi жоқ екенi туралы мәлiмдеуге құқылы.

3. Егер төрелiк iс қарау барысында қаралуы төрелiк келiсiмде көзделмеген мәселе төрелiкте iс қараудың нысанасына айналса, не ол осы iс қарауда қолданылатын құқық нормаларына немесе төрелiк iс қарау ережелерiне сәйкес төрелiкте iс қараудың нысанасы болуы мүмкiн емес болса, тарап төрелiктiң өз өкiлеттiктерiн асыра пайдаланғаны туралы мәлiмдеуге құқылы.

4. Төрелiк осы баптың 2 және 3-тармақтарына сәйкес жасалған өтiнiштi он күн мерзiмде қарауға мiндеттi. Өтiнiштi қарау нәтижелерi бойынша ұйғарым шығарылады.

5. Егер төрелiк өзiнiң құзыретi туралы мәселенi қарау кезiнде төрелiктiң дауды қарауға өкiлеттiктерi жоқтығы туралы ұйғарым шығарса, онда төрелiк дауды мәнi бойынша қарай алмайды.

Статья 1 ...13 14 15 15-1 16 ...33 

Перейти к статье
Скачать бесплатно Халықаралық төрелiк туралы 2004 жылғы 28 желтоқсандағы N 23 Заңы 

Задать вопрос на юридическом форуме



Добавить комментарий к 15-бап Халықаралық төрелiк туралы 2004 жылғы 28 желтоқсандағы N 23 Заңы