Ваш гид в законодательстве Казахстана

Каз Рус

Халықаралық төрелiк туралы
22-бап. Төрелiк iс қарау тiлi



Ст. 22 Халықаралық төрелiк туралы 2004 жылғы 28 желтоқсандағы N 23 Заңы



1. Тараптар төрелік iс қарау барысында пайданылатын тiл немесе тiлдер туралы өз қалаулары бойынша уағдаласуы мүмкін. Мұндай уағдаластық болмағанда төрелік iс қарау кезiнде пайдалануға тиiстi қазақ тiлiн, онымен тең орыс тiлiн немесе өзге де тiлдердi айқындайды.

Төрелiк iс қарау жүргiзiлiп отырған тiлдi меңгермеген iске қатысушы адамдарға аудармашы арқылы iс материалдарымен танысу, төрелік iс қарауға қатысу құқығы, төрелікте ана тiлiнде сөйлеу құқығы  қамтамасыз етiледi.

2. Құжаттар мен өзге де материалдарды төрелік iс қарау тiлiнде (тiлдерiнде) ұсынбаған тарап олардың аудармасын қамтамасыз етедi, бұл ретте төреліктiң регламентiнде не тараптардың келiсiмiнде қосымша талаптар айқындалуы мүмкін.

3. Төрелiк тараптардан құжаттар мен өзге де материалдардың төрелік iс қарау тiлiндегi (тiлдерiндегi) аудармасын талап етуi мүмкін.

Статья 1 ...20 21 22 23 24 ...33 

Перейти к статье
Скачать бесплатно Халықаралық төрелiк туралы 2004 жылғы 28 желтоқсандағы N 23 Заңы 

Задать вопрос на юридическом форуме



Добавить комментарий к 22-бап Халықаралық төрелiк туралы 2004 жылғы 28 желтоқсандағы N 23 Заңы