Ваш гид в законодательстве Казахстана

Каз Рус
< Халықаралық төрелiк туралы

Халықаралық төрелiк туралы
25-3-бап. Төрелiк тағайындаған сарапшы



Ст. 25-3 Халықаралық төрелiк туралы 2004 жылғы 28 желтоқсандағы N 23 Заңы



1. Егер төрелік iс қарауға қатысушы тараптар өзге жөнiнде уағдаласпаса, төрелік:

1) төрелік айқындайтын нақты мәселелер бойынша өзiне қорытындылар беруi үшiн бiр немесе бiрнеше сарапшы тағайындауы;

2) тараптан iске қатысты кез келген ақпаратты сарапшыға табыс етуiн не оған iске қатысты құжаттардың, тауарлардың немесе басқа да мүлiктiң тексерiп қарау үшiн ұсынылуын немесе тексерiп қарауға мүмкіндiк берiлуiн талап eтуi мүмкін.

2. Тараптардың өзге жөнiнде уағдаластығы болмаған кезде, егер тарап бұл туралы өтiнсе немесе төрелік оны қажет деп есептесе, сарапшы өзiнiң жазбаша немесе ауызша қорытындысын табыс еткеннен кейiн тыңдауға қатысуға тиiс, онда тараптарға оған сұрақтар қою және даулы мәселелер бойынша айғақтар беру үшiн мамандар ұсыну мүмкіндiгi берiледi.

Статья 1 ...25-1 25-2 25-3 25-4 25-5 ...33 

Перейти к статье






Добавить комментарий к 25-3-бап Халықаралық төрелiк туралы 2004 жылғы 28 желтоқсандағы N 23 Заңы