Ваш гид в законодательстве Казахстана

Каз Рус
< Халықаралық төрелiк туралы

Халықаралық төрелiк туралы
25-4-бап. Құзыреттi соттың қамтамасыз ету шараларын ұсынудағы және дәлелдемелер алудағы жәрдемi



Ст. 25-4 Халықаралық төрелiк туралы 2004 жылғы 28 желтоқсандағы N 23 Заңы



1. Тараптар төрелік iс қарау кезiнде талап қоюды қамтамасыз ету жөнiнде шаралар қолдану туралы өтiнiшпен құзыреттi сотқа жүгiнуге құқылы. Құзыреттi соттың талап қоюды қамтамасыз ету туралы ұйғарым қабылдауы төрелік келiсiммен сыйыспаушылық болып табылмайды.

2. Төрелiкте қаралып жатқан талап қоюды қамтамасыз ету туралы өтiнiштi тарап құзыреттi сотқа төрелік iс қарау жүзеге асырылатын орын немесе оған қатысты қамтамасыз ету шаралары қолданылуы мүмкін мүлiктiң тұрған жерi бойынша бередi.

3. Құзыреттi соттың төрелікте қаралатын талап қоюды қамтамасыз ету туралы өтiнiштi қарауы және оның талап қоюды қамтамасыз ету туралы немесе оны қамтамасыз етуден бас тарту туралы ұйғарым шығаруы Қазақстан Республикасының азаматтық iс жүргізу заңнамасында белгiленген тәртiппен жүзеге асырылады.

4. Төрелiкте қаралып жатқан талап қоюды қамтамасыз ету туралы ұйғарымның күшiн тараптардың бiрiнiң өтiнiшi бойынша осы ұйғарымды шығарған құзыреттi сот жоюы мүмкін.

5. Төрелiк немесе төреліктiң келiсiмiмен тарап дәлелдемелер алуға жәрдемдесу туралы құзыреттi сотқа өтiнiш жасауы мүмкін. құзыреттi сот осы өтiнiштi Қазақстан Республикасының заңнамасына сәйкес қарайды.

Статья 1 ...25-2 25-3 25-4 25-5 26 ...33 

Перейти к статье






Добавить комментарий к 25-4-бап Халықаралық төрелiк туралы 2004 жылғы 28 желтоқсандағы N 23 Заңы