Ваш гид в законодательстве Казахстана

Каз Рус

Астана халықаралық қаржы орталығы туралы
10-бап. Орталықты басқару жөніндегі кеңес



Ст. 10 Астана халықаралық қаржы орталығы туралы 2015 жылғы 7 желтоқсандағы № 438-V ҚРЗ



1. Орталықты басқару жөніндегі кеңес (бұдан әрі – Кеңес) Қазақстан Республикасының Президенті басқаратын тұрақты жұмыс істейтін алқалы орган болып табылады.

2. Кеңестің негізгі міндеттері Орталық дамуының стратегиялық бағыттарын айқындау және жетекші халықаралық қаржылық қызметтер көрсету орталығын қалыптастыру үшін қолайлы жағдайлар жасауға жәрдемдесу болып табылады.

3. Кеңестің мынадай өкілеттіктері болады:

1) Орталықтың даму стратегиясын айқындайды;

2) Орталықтың қызметі туралы жылдық есепті бекітеді;

3) осы Конституциялық заңның 4-бабының 3-тармағында көзделген шекте осы Конституциялық заңмен өзінің құзыретіне жатқызылған мәселелер бойынша қаулылар түрінде Орталықтың актілерін қабылдайды;

4) Орталық органдарының құрылымын айқындайды;

5) Орталықтың Қаржылық қызметтер көрсетуді реттеу жөніндегі комитетінің басшылығын тағайындайды;

6) Орталықтың мақсаты үшін өзге де органдарды құру, олардың нысанын, құзыретін және функцияларын айқындау, сондай-ақ оларды тарату немесе қайта ұйымдастыру туралы шешімдерді қабылдайды;

7) Кеңес туралы ережеде айқындалатын өзге де өкілеттіктері болады.

4. Кеңес туралы ережені және оның құрамын Қазақстан Республикасының Президенті бекітеді.

Статья 1 ...8 9 10 11 12 ...22 

Перейти к статье
Скачать бесплатно Астана халықаралық қаржы орталығы туралы 2015 жылғы 7 желтоқсандағы № 438-V ҚРЗ 

Задать вопрос на юридическом форуме



Добавить комментарий к 10-бап Астана халықаралық қаржы орталығы туралы 2015 жылғы 7 желтоқсандағы № 438-V ҚРЗ