Ваш гид в законодательстве Казахстана

Каз Рус

Астана халықаралық қаржы орталығы туралы
12-бап. Орталықтың Қаржылық қызметтер көрсетуді реттеу жөніндегі комитеті



Ст. 12 Астана халықаралық қаржы орталығы туралы 2015 жылғы 7 желтоқсандағы № 438-V ҚРЗ



1. Орталықтың Қаржылық қызметтер көрсетуді реттеу жөніндегі комитеті қаржылық қызметтер көрсетуді реттеуді және Орталықтағы олармен байланысты қызметті жүзеге асыратын заңды тұлға болып табылады.

2. Комитеттің Қазақстан Республикасы Ұлттық Банкінің қаражатынан, Орталық қатысушылары енгізетін алымдар мен төлемдерден қалыптастырылатын өз бюджеті болады.

3. Орталықтың Қаржылық қызметтер көрсетуді реттеу жөніндегі комитеті:

1) қаржылық қызметтер көрсетуді реттеуге және Орталықтағы олармен байланысты қызметке қатысты Кеңес қаулыларының жобаларын әзірлейді, оларды жария талқылауға шығарады және қабылдау үшін Кеңеске ұсынады;

2) қаржылық қызметтер көрсетуді реттеу саласына және Орталықтағы олармен байланысты қызметке қатысты мәселелер бойынша реттеу ережелері түрінде актілерді қабылдайды;

3) Кеңес айқындаған тәртіппен Орталық қатысушыларын тіркеуді, аккредиттеуді және лицензиялауды жүзеге асырады;

4) Орталық қатысушыларының тізілімін жүргізеді;

5) Орталық қатысушыларының қызметін бақылау мен қадағалауды жүзеге асырады, Кеңес айқындайтын негіздер бойынша және тәртіппен оларға қатысты шаралар қолданады;

6) Кеңес қаулыларында айқындалатын өзге де өкілеттіктері болады.

Статья 1 ...10 11 12 13 14 ...22 

Перейти к статье
Скачать бесплатно Астана халықаралық қаржы орталығы туралы 2015 жылғы 7 желтоқсандағы № 438-V ҚРЗ 

Задать вопрос на юридическом форуме



Добавить комментарий к 12-бап Астана халықаралық қаржы орталығы туралы 2015 жылғы 7 желтоқсандағы № 438-V ҚРЗ