Ваш гид в законодательстве Казахстана

Каз Рус

Печать

Астана халықаралық қаржы орталығы туралы
14-бап. Халықаралық төрелік орталығы

Ст. 14 Астана халықаралық қаржы орталығы туралы 2015 жылғы 7 желтоқсандағы № 438-V ҚРЗ


Действующий с изменениями и дополнениями. Проверено 20.04.2018
1. Халықаралық төрелік орталығы тараптар арасында төрелік келісім болған жағдайда дауларды қарайды.

2. Халықаралық төрелік орталығы Кеңестің «Халықаралық төрелік орталығы туралы» қаулысына сәйкес қалыптастырылады және жұмыс істейді.

3. Қазақстан Республикасында Халықаралық төрелік орталығының шешімдерін тану және орындау Қазақстан Республикасындағы төреліктер шығарған төрелік шешімдерді тану және орындау сияқты сол бір тәртіппен және сол бір шарттарда жүзеге асырылады. Бұл ретте Орталықтың актілерінде айқындалған тәртіппен Халықаралық төрелік орталығы шешімдерінің қазақ немесе орыс тіліндегі аудармасы қамтамасыз етілуге тиіс.

4. Орталықтың аумағында төреліктердің шешімдерін тану және орындау Қазақстан Республикасының заңнамасына сәйкес жүзеге асырылады.
Статья 1 ...12 13 14 15 16 ...22

Перейти к статье






Добавить комментарий к 14-бап Астана халықаралық қаржы орталығы туралы 2015 жылғы 7 желтоқсандағы № 438-V ҚРЗ