Ваш гид в законодательстве Казахстана


Печать

Ст. 4 Астана халықаралық қаржы орталығы туралы 2015 жылғы 7 желтоқсандағы № 438-V ҚРЗ


Действующий с изменениями и дополнениями. Проверено 19.03.2024

Астана халықаралық қаржы орталығы туралы
4-бап. Орталықтың қолданыстағы құқығы

1. Орталықтың қолданыстағы құқығы Қазақстан Республикасының Конституциясына негізделеді және мыналардан: 

1) осы Конституциялық заңнан; 

2) осы Конституциялық заңмен берілген өкілеттіктер шегінде Орталықтың органдары қабылдайтын, Англия және Уэльс құқығының қағидаттарына, нормалары мен прецеденттеріне және (немесе) әлемнің жетекші қаржы орталықтарының стандарттарына негізделуі мүмкін Орталықтың осы Конституциялық заңға қайшы келмейтін актілерінен; 

3) осы Конституциялық заңмен және Орталықтың актілерімен реттелмеген бөлігінде қолданылатын Қазақстан Республикасының қолданыстағы құқығынан тұрады. 

2. Орталықтың актілерін әзірлеу, уәкілетті органдармен келісу, тіркеу, қолданысқа енгізу, жариялау, өзгерістер, толықтырулар енгізу, сондай-ақ олардың қолданылуын тоқтату тәртібі Орталықтың актілерінде айқындалады. 

3. Орталықтың органдары Орталық қатысушыларының және (немесе) Орталық органдарының және (немесе) олардың жұмыскерлерінің арасында туындайтын: 

1) азаматтық-құқықтық қатынастарды; 

2) азаматтық-процестік қатынастарды; 

3) қаржылық қатынастарды; 

4) әкімшілік рәсімдерді; 

5) Орталық органдарының тауарларды, жұмыстар мен көрсетілетін қызметтерді сатып алу рәсімдерін реттейтін актілерді қабылдауға құқылы. 

Орталықтың органдары осы Конституциялық заңда тікелей көзделген жағдайларда, осы тармақтың бірінші бөлігінде көзделмеген қатынастарды реттейтін актілерді қабылдайды. 

Қазақстан Республикасының ұлттық мүдделерін қамтамасыз ету және Қазақстан Республикасының ұлттық қауіпсіздігіне қатер төндіретін жағдайларды болғызбау мақсатында Орталықтың актілерінде Орталық қатысушылары үшін жекелеген шектеулер белгіленуі мүмкін. 

4. Егер Қазақстан Республикасы ратификациялаған халықаралық шартта осы Конституциялық заңда қамтылғаннан өзге қағидалар белгіленсе, онда халықаралық шарттың қағидалары қолданылады. 

Ескерту. 4-бапқа өзгеріс енгізілді - ҚР 13.03.2017 № 52-VI (алғашқы ресми жарияланған күнінен кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі); 30.12.2019 № 296-VІ (алғашқы ресми жарияланған күнінен кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі) Конституциялық заңдарымен.

ЗҚАИ-ның ескертпесі!

4-1-баппен толықтыру көзделген – ҚР 30.12.2022 № 176-VII (01.04.2023 бастап қолданысқа енгізіледі) Конституциялық заңымен.
Статья 1 2 3 4 4‑1 5 ...22

Перейти к статье
Новые комментарии на сайте

При проверки сотрудниками сейфа сигнализация сработала как нужно, сверили номера ружей, затем потребовали сертификат на сигнализацию который я не смог предоставить. Выписали штраф

Законно ли это действие Костанай


толық емес жұмыс уақыты бойынша еңбек шартына жыл сайынғы ақылы еңбек ақы төленеді ме?

Трудовой договор по совместительству смогу ли я получит ежегодный оплачиваемый отпуск?


здравствуйте 22.02.24. Составили протокол по 432-2 ст. Административное правонарушение . То что я как покурил бросил окурок на землю , но я не бросал его а положил на железное ограждения, и начал разгружать машину ,после собирался забрать и выбросить в урну, но подошли сотрудники, и составили протокол. Подскажите что делать. Я не подписывал протокол,а указал что не согласен





345 часть 3 получил ограничения свободы на 2 года 5 месяцев. Когда можно ходатайство подать, чтобы убрать ограничение свободы. Неше ай уакыт оту керек. Рахмет


Последние комментарии






Вы юрист? Нужны новые клиенты?
Разместите информацию о себе

- Это бесплатно

- Информация о 5 лучших юристах на всех страницах сайта

- Эту рекламу видят более 10 000 посетителей в день

- Для поднятия рейтинга надо отвечать на вопросы пользователей

Зарегистрироваться