Ваш гид в законодательстве Казахстана

Каз Рус
< Астана халықаралық қаржы орталығы туралы

Астана халықаралық қаржы орталығы туралы
5-бап. Орталық қатысушыларының ақшалай міндеттемелері және валюталық реттеу



Ст. 5 Астана халықаралық қаржы орталығы туралы 2015 жылғы 7 желтоқсандағы № 438-V ҚРЗ



1. Орталық қатысушыларының ақшалай міндеттемелері шартта көзделген валютамен көрсетіледі және орындалады.

2. Қор биржасының сауда-саттығына қатысушылардың ақшалай міндеттемелері қор биржасының қағидаларында айқындалатын валюталармен көрсетіледі және орындалады.

3. Орталықтың аумағында қаржылық және кәсіби қызметтерді көрсетуге байланысты валюталық операцияларды жүргізу шарттары мен тәртібін Орталықты басқару жөніндегі кеңес белгілейді.

4. Орталық қатысушылары оның аумағында жүргізетін валюталық операцияларға «Валюталық реттеу және валюталық бақылау туралы» Қазақстан Республикасының Заңында белгіленген валюталық реттеу режимдері қолданылмайды.

5. Орталықтың актілерінде Орталықтың Қаржылық қызметтер көрсетуді реттеу жөніндегі комитетіне жүргізілетін операциялар туралы мәліметтер ұсыну бойынша Орталық қатысушыларына қойылатын талаптар белгіленуі мүмкін.

Статья 1 ...3 4 5 6 7 ...22 

Перейти к статье






Добавить комментарий к 5-бап Астана халықаралық қаржы орталығы туралы 2015 жылғы 7 желтоқсандағы № 438-V ҚРЗ