Ваш гид в законодательстве Казахстана

Каз Рус

Астана халықаралық қаржы орталығы туралы
6-бап. Орталықтың аумағындағы салық режимі



Ст. 6 Астана халықаралық қаржы орталығы туралы 2015 жылғы 7 желтоқсандағы № 438-V ҚРЗ



1. Осы бапта белгіленген алып қоюларды қоспағанда, Орталықтың аумағындағы салық режимі «Салық және бюджетке төленетін басқа да міндетті төлемдер туралы» Қазақстан Республикасының Кодексінде (Салық кодексі) айқындалады.

2. Орталықтың органдары Орталықты басқару жөніндегі кеңестің қаулысында айқындалған шарттарды сақтаған кезде, корпоративтік табыс салығын төлеуден 2066 жылғы 1 қаңтарға дейін босатылады.

3. Орталық қатысушылары Орталықтың аумағында мынадай қаржылық қызметтерді көрсетуден алған кірістері бойынша корпоративтік табыс салығын төлеуден 2066 жылғы 1 қаңтарға дейін босатылады:

1) ислам банкінің банктік қызметтерін көрсету;

2) қайта сақтандыру қызметтерін көрсету және сақтандыру брокерлік қызметтерін көрсету;

3) инвестициялық қорлардың активтерін инвестициялық басқару, оларды есепке алу мен сақтау, сондай-ақ инвестициялық қорлардың бағалы қағаздарын шығаруды, орналастыруды, айналымға жіберуді, сатып алуды және өтеуді қамтамасыз ету жөніндегі қызметтерді көрсету;

4) брокерлік және (немесе) дилерлік, андеррайтингтік қызметтерді көрсету;

5) Орталықты басқару жөніндегі кеңестің қаулысында айқындалатын басқа да қаржылық қызметтерді көрсету.

4. Орталық қатысушылары Орталықтың органдарына, сондай-ақ осы баптың 3-тармағында көрсетілген қызметтерді көрсететін Орталық қатысушыларына көрсетілетін заңдық, аудиторлық, бухгалтерлік, консалтингтік қызметтерді көрсетуден алған кірістері бойынша корпоративтік табыс салығын төлеуден 2066 жылғы 1 қаңтарға дейін босатылады.

5. Осы баптың 3 және 4-тармақтарының мақсаттары үшін корпоративтік табыс салығынан босатылуға жататын және салық салуға жататын кірістердің, сондай-ақ шегерімге жатқызылатын шығыстардың бөлек есебін жүргізу тәртібі Орталықты басқару жөніндегі кеңестің, мемлекеттік жоспарлау жөніндегі орталық уәкілетті орган мен салықтардың және бюджетке төленетін басқа да міндетті төлемдердің түсуін қамтамасыз ету саласындағы басшылықты жүзеге асыратын мемлекеттік органның бірлескен актісінде айқындалады.

6. Орталық қатысушысының немесе органының жұмыскерлері болып табылатын шетелдіктер осы баптың 3 және 4-тармақтарында көзделген қызметтерді көрсететін Орталық қатысушысымен немесе Орталықтың органымен жасалған еңбек шарты бойынша Орталықтағы қызметтен түсетін кірістері бойынша жеке табыс салығын төлеуден 2066 жылғы 1 қаңтарға дейін босатылады.

7. Жеке және заңды тұлғалар:

1) өткізу күніне қор биржасының ресми тізімдерінде болатын бағалы қағаздарды өткізу кезіндегі құн өсімінен;

2) Орталықтың қолданыстағы құқығына сәйкес тіркелген қатысушы заңды тұлғалардың акцияларын немесе Орталықтың қолданыстағы құқығына сәйкес тіркелген қатысушы заңды тұлғалардың жарғылық капиталдарындағы қатысу үлестерін өткізу кезіндегі құн өсімінен;

3) осындай дивидендтерді немесе сыйақыларды есепке жазу күніне қор биржасының ресми тізімдерінде болатын бағалы қағаздар бойынша дивидендтер мен сыйақылар түрінде;

4) Орталықтың қолданыстағы құқығына сәйкес тіркелген қатысушы заңды тұлғалардың акциялары бойынша немесе Орталықтың қолданыстағы құқығына сәйкес тіркелген қатысушы заңды тұлғалардың жарғылық капиталдарындағы қатысу үлестері бойынша дивидендтер түрінде түсетін кірістері бойынша жеке және корпоративтік табыс салықтарын төлеуден 2066 жылғы 1 қаңтарға дейін босатылады.

8. Орталықтың органдары және осы баптың 3 және 4-тармақтарында көзделген қызметтерді көрсететін Орталық қатысушылары Орталықтың аумағында орналасқан объектілер бойынша мүлік салығын және жер салығын төлеуден босатылады.

9. Салықтық әкімшілендіру және Орталықтың органдарына және қатысушыларына салық салу мәселелері бойынша мемлекеттік кіріс органдарының Орталықтың органдарымен және қатысушыларымен өзара іс-қимылы Орталық органдарының және мемлекеттік кіріс органдарының бірлескен актілерінде айқындалады.

Статья 1 ...4 5 6 7 8 ...22 

Перейти к статье
Скачать бесплатно Астана халықаралық қаржы орталығы туралы 2015 жылғы 7 желтоқсандағы № 438-V ҚРЗ 

Задать вопрос на юридическом форуме



Добавить комментарий к 6-бап Астана халықаралық қаржы орталығы туралы 2015 жылғы 7 желтоқсандағы № 438-V ҚРЗ