Ваш гид в законодательстве Казахстана

Каз Рус

Астана халықаралық қаржы орталығы туралы
7-бап. Шетелдіктер мен азаматтығы жоқ адамдардың визалық режимі



Ст. 7 Астана халықаралық қаржы орталығы туралы 2015 жылғы 7 желтоқсандағы № 438-V ҚРЗ



1. Орталықта қызметін жүзеге асыру үшін Қазақстан Республикасының аумағына келетін шетелдіктер мен азаматтығы жоқ адамдар келу визасын Қазақстан Республикасының шет елдердегі мекемелерінен не Қазақстан Республикасының халықаралық әуежайларына келген кезде алады.

2. Орталық қатысушыларының немесе органдарының жұмыскерлері болып табылатын шетелдіктер мен азаматтығы жоқ адамдар және олардың отбасы мүшелері бес жылға дейін қолданылу мерзімімен келу визасын алады.

3. Орталық әкімшілігінің өтінішхаты бойынша осы баптың 1 және  2-тармақтарында көрсетілген адамдарға визалардың қолданылу мерзімін ұзарту Қазақстан Республикасының заңнамасына сәйкес Қазақстан Республикасының шегінен тыс шықпай жүзеге асырылуы мүмкін.

4. Орталықта қызметін жүзеге асыру үшін Қазақстан Республикасына келетін шетелдіктер мен азаматтығы жоқ адамдардың Қазақстан Республикасына келу және Қазақстан Республикасынан кету шарттары мен тәртібін Қазақстан Республикасының тиісті мемлекеттік органдарымен келісу бойынша Орталықтың органдары айқындайды.

5. Экономикалық ынтымақтастық және даму ұйымы елдерінің, Біріккен Араб Әмірліктерінің, Малайзияның, Сингапур Республикасының және Монако Княздігінің, сондай-ақ Қазақстан Республикасының Үкіметі айқындайтын елдердің азаматтары Қазақстан Республикасының аумағына келген күннен бастап күнтізбелік отыз күнге дейінгі мерзіммен визасыз келу құқығын алады.

Статья 1 ...5 6 7 8 9 ...22 

Перейти к статье
Скачать бесплатно Астана халықаралық қаржы орталығы туралы 2015 жылғы 7 желтоқсандағы № 438-V ҚРЗ 

Задать вопрос на юридическом форуме



Добавить комментарий к 7-бап Астана халықаралық қаржы орталығы туралы 2015 жылғы 7 желтоқсандағы № 438-V ҚРЗ