Ваш гид в законодательстве Казахстана

Каз Рус
< Халықаралық коммерциялық төрелiк туралы

Халықаралық коммерциялық төрелiк туралы
25-5-бап. Қарсы талап қою және қарсы талаптарды есепке алу



Ст. 25-5 Халықаралық коммерциялық төрелiк туралы от 28 декабря 2004 года N 23




1. Қарсы талаптың талапкердiң талаптарымен өзара байланысы болған жағдайда, сондай-ақ төреліктiң қарсы талап қоюды төрелік келiсiмге сәйкес қарауы мүмкін болатын жағдайда, жауапкер талапкерге қарсы талап қоюға құқылы.

2. Егер тараптар қарсы талап қою үшiн өзге мерзiмге келiспесе,  қарсы талап қою төрелік шешiм қабылдағанға дейiн, төрелік iс қарау барысында қойылуы мүмкін.

3. Қарсы талап қою осы Заңның 18-бабы 2-тармағының талаптарына  сәйкес келуге тиiс.

4. Талапкер төрелік iс қарау регламентiнде немесе ережелерiнде көзделген тәртiппен және мерзiмдерде қарсы талап қоюға қарсылықтарын ұсынуға құқылы.

5. Егер тараптар өзге жөнiнде уағдаласпаса, онда жауапкер Қазақстан Республикасының азаматтық заңнамасының талаптарын сақтай отырып, қарсы талап қоюды есепке алуды талап етуге құқылы. 
  6-тарау. ТӨРЕЛIК ШЕШIМIН ШЫҒАРУ ЖӘНЕ IС ҚАРАУДЫ ТОҚТАТУ


Статья 1 ...25-3 25-4 25-5 26 27 ...33 

Перейти к статье






Добавить комментарий к 25-5-бап Халықаралық коммерциялық төрелiк туралы от 28 декабря 2004 года N 23