Ваш гид в законодательстве Казахстана

Каз Рус

Қазақстан Республикасының халықаралық шарттары туралы
11-бап. Ратификациялауға жататын халықаралық шарттар



Ст. 11 Қазақстан Республикасының халықаралық шарттары туралы 2005 жылғы 30 мамырдағы N 54



Мынадай: 

1) нысанасы адам және азаматтың құқықтары мен бостандықтары болып табылатын; 

2) орындалуы қолданыстағы заңдарды өзгертудi немесе жаңа заңдарды қабылдауды талап ететін, сондай-ақ Қазақстан Республикасының заңдарында көзделгеннен өзге ережелердi белгілейтiн; 

3) Қазақстан Республикасының Мемлекеттiк шекарасының өтуi туралы, сондай-ақ Қазақстан Республикасының ерекше экономикалық аймағын және құрлықтық қайраңын межелеп бөлу туралы халықаралық шарттарды қоса алғанда, Қазақстан Республикасының басқа мемлекеттермен аумақтық межелеп бөлiнуi туралы; 

4) мемлекетаралық қатынастардың негіздерi туралы, қарусыздану немесе қару-жараққа халықаралық бақылау жасау, халықаралық бейбiтшiлiк пен қауiпсiздiктi қамтамасыз ету жөнiндегi мәселелер бойынша, сондай-ақ бiтiмгершiлiк халықаралық шарттар мен ұжымдық қауiпсiздiк туралы халықаралық шарттар; 

5) Қазақстан Республикасының мемлекетаралық бiрлестiктер мен халықаралық ұйымдарға қатысуы туралы, егер мұндай халықаралық шарттар Қазақстан Республикасының егемендiк құқықтарының бiр бөлігін жүзеге асыруды оларға берудi көздейтiн болса немесе олардың органдары шешiмдерiнің Қазақстан Республикасы үшiн заңдық тұрғыдан мiндеттілігін белгiлесе; 

6) мемлекеттiк қарыздар туралы; 

7) гуманитарлық көмектен және дамуға ресми көмектен басқа, Қазақстан Республикасының экономикалық және өзге де көмек көрсетуі туралы; 

8) қол қою кезiнде келiссөздерге қатысушы тараптардың кейiннен оларды ратификациялау туралы келiскен; 

9) егер халықаралық шарттарда мұндай келiсiм ратификациялау арқылы бiлдiрiлетiнi көзделсе, халықаралық шарттар ратификациялауға жатады.

 Ескерту. 11-бапқа өзгеріс енгізілді - ҚР 10.12.2014 № 264-V Заңымен (алғашқы ресми жарияланған күнінен кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі).

Статья 1 ...9 10 11 12 13 ...32 

Перейти к статье
Скачать бесплатно Қазақстан Республикасының халықаралық шарттары туралы 2005 жылғы 30 мамырдағы N 54 

Задать вопрос на юридическом форуме



Добавить комментарий к 11-бап Қазақстан Республикасының халықаралық шарттары туралы 2005 жылғы 30 мамырдағы N 54