Ваш гид в законодательстве Казахстана


Печать

Ст. 18 Қазақстан Республикасының халықаралық шарттары туралы 2005 жылғы 30 мамырдағы N 54


Действующий с изменениями и дополнениями. Проверено 19.03.2024

Қазақстан Республикасының халықаралық шарттары туралы
18-бап. Халықаралық шарттарды Қазақстан Республикасының уақытша қолдануы

1. Халықаралық шарттар немесе олардың жекелеген ережелерi олардың күшiне енуiне дейiн, егер бұл халықаралық шарттардың өзiнде көзделген болса немесе келiссөздерге қатысушы тараптар уағдаластыққа қол жеткiзген болса, Қазақстан Республикасының қолданыстағы құқығына қайшы келмейтін бөлігінде уақытша қолданылады.

Уақытша қолдануды көздейтін халықаралық шартты ратификациялау туралы ұсыныс оны уақытша қолдану басталған күннен бастап алты айдан кешіктірілмей, осы Заңның 5-бабында көзделген тәртіппен Қазақстан Республикасы Парламентінің Мәжілісіне енгізіледі. 

2. Егер халықаралық шарттарда өзгеше көзделмесе немесе бұл туралы халықаралық шарттарға қол қойған шет мемлекеттермен немесе халықаралық ұйымдармен уағдаластыққа қол жеткізілмесе, Қазақстан Республикасының халықаралық шарттарға қатысушы болғысы келмейтін ниеті туралы халықаралық шарттар өздеріне қатысты уақытша қолданылатын шет мемлекеттерге немесе халықаралық ұйымдарға осы  баптың 3-тармағында көзделген шешімдердің негізінде хабарлама жолданған күннен бастап Қазақстан Республикасының халықаралық шарттарды немесе олардың жекелеген ережелерін уақытша қолдануы тоқтатылады. 

3. Қазақстан Республикасының халықаралық шарттардың немесе олардың жекелеген ережелерінің қатысушысы болғысы келмейтін ниеті туралы шешiмдердi осы Заңның 8-бабында көзделген тәртiппен халықаралық шартқа қол қою туралы шешiм шығарған Қазақстан Республикасының Президентi немесе Қазақстан Республикасының Үкiметi қабылдайды.

 Ескерту. 18-бапқа өзгеріс енгізілді - ҚР 30.01.2014 № 168-V Заңымен (алғашқы ресми жарияланған күнінен кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі).

Статья 1 ...16 17 18 19 20 ...32

Перейти к статье
Новые комментарии на сайте

При проверки сотрудниками сейфа сигнализация сработала как нужно, сверили номера ружей, затем потребовали сертификат на сигнализацию который я не смог предоставить. Выписали штраф

Законно ли это действие Костанай


толық емес жұмыс уақыты бойынша еңбек шартына жыл сайынғы ақылы еңбек ақы төленеді ме?

Трудовой договор по совместительству смогу ли я получит ежегодный оплачиваемый отпуск?


здравствуйте 22.02.24. Составили протокол по 432-2 ст. Административное правонарушение . То что я как покурил бросил окурок на землю , но я не бросал его а положил на железное ограждения, и начал разгружать машину ,после собирался забрать и выбросить в урну, но подошли сотрудники, и составили протокол. Подскажите что делать. Я не подписывал протокол,а указал что не согласен





345 часть 3 получил ограничения свободы на 2 года 5 месяцев. Когда можно ходатайство подать, чтобы убрать ограничение свободы. Неше ай уакыт оту керек. Рахмет


Последние комментарии






Вы юрист? Нужны новые клиенты?
Разместите информацию о себе

- Это бесплатно

- Информация о 5 лучших юристах на всех страницах сайта

- Эту рекламу видят более 10 000 посетителей в день

- Для поднятия рейтинга надо отвечать на вопросы пользователей

Зарегистрироваться