Ваш гид в законодательстве Казахстана

Каз Рус
< Қазақстан Республикасының халықаралық шарттары туралы

Қазақстан Республикасының халықаралық шарттары туралы
2-1-бап. Халықаралық шарттар жасасуды жоспарлау



Ст. 2-1 Қазақстан Республикасының халықаралық шарттары туралы 2005 жылғы 30 мамырдағы N 54



 1. Қазақстан Республикасының халықаралық шарттарын жасасу жоспарлары бір жылға жасалатын ағымдағы және үш жылға жасалатын перспективалық болып бөлінеді.

Қазақстан Республикасының халықаралық шарттарын жасасудың ағымдағы және перспективалық жоспарларын әзірлеу тәртібін Қазақстан Республикасының Үкіметі айқындайды.

2. Қазақстан Республикасының халықаралық шарттарын жасасудың ағымдағы және перспективалық жоспарларының жобаларын халықаралық шарттарды жасасу тұжырымдамаларының негізінде Қазақстан Республикасының Сыртқы істер министрлігі әзірлейді.

3. Қазақстан Республикасының халықаралық шарттарын жасасудың ағымдағы және перспективалық жоспарларының жобалары Қазақстан Республикасы Үкіметінің жанындағы Қазақстан Республикасының халықаралық шарттары мәселелері жөніндегі ведомствоаралық комиссияның шешімдерімен мақұлданады.

Қазақстан Республикасының халықаралық шарттары мәселелері жөніндегі ведомствоаралық комиссияның құрамы, өкілеттіктері және қызметінің тәртібі Қазақстан Республикасының Үкіметі бекітетін ережеде айқындалады.

4. Қазақстан Республикасының халықаралық шарттарын жасасу жоспарлары Қазақстан Республикасының Президентімен келісіледі.

 Ескерту. 2-тарау 2-1-баппен толықтырылды - ҚР 30.01.2014 № 168-V Заңымен (алғашқы ресми жарияланған күнінен кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі).

Статья 1 2 2-1 2-2 3 ...32 

Перейти к статье






Добавить комментарий к 2-1-бап Қазақстан Республикасының халықаралық шарттары туралы 2005 жылғы 30 мамырдағы N 54