Ваш гид в законодательстве Казахстана

Каз Рус
< Қазақстан Республикасының халықаралық шарттары туралы

Қазақстан Республикасының халықаралық шарттары туралы
21-бап. Қазақстан Республикасының халықаралық шарттарын оларға басқа қатысушылар бұзған жағдайда қолданылатын шаралар



Ст. 21 Қазақстан Республикасының халықаралық шарттары туралы 2005 жылғы 30 мамырдағы N 54



1. Халықаралық шарттар жөніндегi міндеттемелердi оларға басқа қатысушылар бұзған жағдайда Қазақстан Республикасының Сыртқы iстер министрлiгiмен келiсе отырып, халықаралық құқықтың нормалары мен Қазақстан Республикасының халықаралық шарттарының өздерiнiң талаптарына сәйкес қажеттi шаралар қолдану туралы ұсыныстарды: 

1) Қазақстан Республикасының Президентiне тiкелей бағынатын және есеп беретiн мемлекеттiк органдар өз құзыретiндегi мәселелер бойынша - Қазақстан Республикасының Президентiне; 

2) Қазақстан Республикасының орталық атқарушы органдары өз құзыретiндегi мәселелер бойынша Қазақстан Республикасының Үкiметiне енгiзедi. 

2. Қазақстан Республикасының халықаралық шарттарын оларға басқа қатысушылар бұзған жағдайда, сондай-ақ халықаралық құқықтың нормаларында көзделген өзге де жағдайларда, мұндай халықаралық шарттың қолданысы осы Заңның 28 және 29-баптарында көзделген тәртіппен тоқтатылуы немесе тоқтатыла тұруы мүмкін.

Статья 1 ...19 20 21 22 23 ...32 

Перейти к статье






Добавить комментарий к 21-бап Қазақстан Республикасының халықаралық шарттары туралы 2005 жылғы 30 мамырдағы N 54