Ваш гид в законодательстве Казахстана

Каз Рус
< Қазақстан Республикасының халықаралық шарттары туралы

Қазақстан Республикасының халықаралық шарттары туралы
22-бап. Халықаралық шарттарды жасасуға байланысты Қазақстан Республикасының заңнамасына өзгерiстер мен толықтырулар енгізу туралы ұсыныстар



Ст. 22 Қазақстан Республикасының халықаралық шарттары туралы 2005 жылғы 30 мамырдағы N 54



1. Қазақстан Республикасының мүдделі орталық мемлекеттік органдары халықаралық шарттарды ратификациялау туралы ұсыныс енгізу кезінде Қазақстан Республикасының заңнамасына өзгерістер мен толықтырулар енгізу туралы ұсынысты Қазақстан Республикасының Үкіметі айқындайтын тәртіппен Қазақстан Республикасының Үкіметіне енгізеді. 

2. Осы баптың 1-тармағына сәйкес қабылданған Қазақстан Республикасының заңдарына және өзге де нормативтiк-құқықтық актiлерiне өзгерiстер мен толықтырулар енгiзуге немесе олардың қолданысын тоқтатуға Қазақстан Республикасының тиiсті халықаралық шарттары өзгертiлгеннен, толықтырылғаннан немесе олардың қолданысы тоқтатылғаннан кейiн ғана жол берiледi.

 Ескерту. 22-бапқа өзгерту енгізілді - ҚР 2010.07.15 N 335-IV (қолданысқа енгізілу тәртібін 2-баптан қараңыз) Заңымен.

Статья 1 ...20 21 22 23 24 ...32 

Перейти к статье






Добавить комментарий к 22-бап Қазақстан Республикасының халықаралық шарттары туралы 2005 жылғы 30 мамырдағы N 54