Ваш гид в законодательстве Казахстана

Каз Рус

Қазақстан Республикасының халықаралық шарттары туралы
26-бап. Депозитарий функцияларын жүзеге асыру



Ст. 26 Қазақстан Республикасының халықаралық шарттары туралы 2005 жылғы 30 мамырдағы N 54



1. Қазақстан Республикасының көпжақты халықаралық шарттарының депозитарийі функцияларын, егер осы халықаралық шарттардың талаптарына сәйкес мұндай функциялар Қазақстан Республикасында жүктелген болса, Қазақстан Республикасының сыртқы істер министрлігі жүзеге асырады. 

2. Қазақстан Республикасының орталық мемлекеттiк органдары өз атынан жасалған көпжақты халықаралық шарттардың депозитарийi функцияларын, егер осы халықаралық шарттардың талаптарына сәйкес мұндай функциялар Қазақстан Республикасының орталық мемлекеттiк органдарына жүктелген болса, Қазақстан Республикасының орталық мемлекеттiк органдары жүзеге асырады. 

3. Көпжақты халықаралық шарттардың депозитарийi функцияларын орындайтын шет мемлекеттер органдарымен, халықаралық ұйымдармен немесе олардың басты атқарушы лауазымды адамдарымен хат-хабар алмасуды Қазақстан Республикасының Сыртқы iстер министрлігі жүзеге асырады.  
5-тарау. ҚАЗАҚСТАН РЕСПУБЛИКАСЫНЫҢ ХАЛЫҚАРАЛЫҚ ШАРТТАРЫН
ӨЗГЕРТУ, ОЛАРДЫҢ ҚОЛДАНЫСЫН ТОҚТАТУ ЖӘНЕ ТОҚТАТА ТҰРУ

Статья 1 ...24 25 26 27 28 ...32 

Перейти к статье
Скачать бесплатно Қазақстан Республикасының халықаралық шарттары туралы 2005 жылғы 30 мамырдағы N 54 

Задать вопрос на юридическом форуме



Добавить комментарий к 26-бап Қазақстан Республикасының халықаралық шарттары туралы 2005 жылғы 30 мамырдағы N 54