Ваш гид в законодательстве Казахстана

Каз Рус

Қазақстан Республикасының халықаралық шарттары туралы
27-бап. Қазақстан Республикасының халықаралық шарттарын өзгерту



Ст. 27 Қазақстан Республикасының халықаралық шарттары туралы 2005 жылғы 30 мамырдағы N 54




1. Қазақстан Республикасының халықаралық шарттарына өзгерiстер енгiзу халықаралық шарттардың өздерiнде көрсетілген талаптарға, халықаралық құқық нормаларына және осы Заңның ережелерiне сәйкес жүзеге асырылады. 

2. Қазақстан Республикасының халықаралық шарттарына өзгерiстер енгізу туралы ұсыныстар осы Заңның 3 және 5-баптарында көзделген тәртіппен енгізiледi. 

3. Қазақстан Республикасының халықаралық шарттарына өзгерiстер енгізу туралы шешiмдердi осы Заңның 8-бабында көзделген тәртiппен халықаралық шарттарға қол қою туралы шешiм қабылдаған лауазымды адамдар немесе Қазақстан Республикасының Yкiметi қабылдайды. 

4. Қазақстан Республикасының халықаралық шарттарына өзгерiстер халықаралық шарттардың өздерінің күшiне ену талаптарына сәйкес және сол тәртiппен күшіне енедi. 

5. Халықаралық шарттардың өзгерiстерiн ратификациялау, бекiту немесе қабылдау туралы шешiмдер Қазақстан Республикасының халықаралық шарттарының өзiнде көрсетiлген талаптарға сәйкес және осы Заңның 14 және 15-баптарында көзделген тәртiппен қабылданады.


Статья 1 ...25 26 27 28 29 ...32 

Перейти к статье
Скачать бесплатно Қазақстан Республикасының халықаралық шарттары туралы 2005 жылғы 30 мамырдағы N 54 

Задать вопрос на юридическом форуме



Добавить комментарий к 27-бап Қазақстан Республикасының халықаралық шарттары туралы 2005 жылғы 30 мамырдағы N 54