Ваш гид в законодательстве Казахстана

Каз Рус

Қазақстан Республикасының халықаралық шарттары туралы
29-бап. Қазақстан Республикасы халықаралық шарттарының қолданысын тоқтата тұру немесе күшін жою туралы ұсыныстар



Ст. 29 Қазақстан Республикасының халықаралық шарттары туралы 2005 жылғы 30 мамырдағы N 54



1. Қазақстан Республикасы халықаралық шарттарының қолданысын тоқтата тұру немесе олардың күшін жою халықаралық шарттардың өздерінде көрсетілген талаптарға, халықаралық құқық нормаларына және осы Заңның ережелерiне сәйкес жүзеге асырылады. 

2. Қазақстан Республикасының Президентiне тiкелей бағынатын және есеп беретін Қазақстан Республикасының мемлекеттiк органдары Қазақстан Республикасы Сыртқы iстер министрлiгiмен келiсе отырып, өз құзыретiндегi мәселелер бойынша: 

1) Қазақстан Республикасы атынан жасалған халықаралық шарттардың қолданысын тоқтата тұру немесе олардың күшiн жою туралы - Қазақстан Республикасының Президентіне ұсыныстар; 

2) Қазақстан Республикасының Yкiметi атынан жасалған халықаралық шарттардың қолданысын тоқтата тұру немесе олардың күшiн жою туралы Қазақстан Республикасының Үкіметіне ұсыныстар жасайды. 

3. Қазақстан Республикасының орталық атқарушы органдары өз құзыретіндегі мәселелер бойынша Қазақстан Республикасының Сыртқы істер министрлігімен келiсе отырып, Қазақстан Республикасының Үкіметіне Қазақстан Республикасының немесе Қазақстан Республикасының Үкiметi атынан жасалған халықаралық шарттардың қолданысын тоқтата тұру немесе күшiн жою туралы ұсыныстар жасайды. 

4. Қазақстан Республикасының Үкiметi Қазақстан Республикасы халықаралық шарттарының қолданысын тоқтата тұру немесе олардың күшiн жою туралы осы баптың 2-тармағының 2) тармақшасында және 3-тармағында көрсетілген ұсыныстарды қарайды және: 

1) Қазақстан Республикасының Президентiне Қазақстан Республикасының атынан жасалған халықаралық шарттардың қолданысын тоқтата тұру немесе олардың күшiн жою туралы ұсыныстар енгiзедi; 

2) Қазақстан Республикасының Парламентiне Қазақстан Республикасының Президентiмен келiсе отырып, Қазақстан Республикасының атынан жасалған, ратификацияланған халықаралық шарттардың күшiн жою туралы ұсыныстар енгізедi; 

3) Қазақстан Республикасының Парламентiне Қазақстан Республикасының Үкiметi атынан жасалған, ратификацияланған халықаралық шарттардың күшiн жою туралы ұсыныстар енгiзедi. 

5. Қазақстан Республикасының орталық мемлекеттік органдары өз құзыретінің мәселелері бойынша өздерінің атынан жасалған, Қазақстан Республикасының мүдделі орталық мемлекеттік органдарымен және Қазақстан Республикасы Әділет министрлігімен келісілген халықаралық шарттардың қолданысын тоқтата тұру немесе күшін жою туралы ұсыныстарды Қазақстан Республикасы Сыртқы істер министрлігіне табыс етеді.

Қазақстан Республикасы Сыртқы істер министрлігі Қазақстан Республикасының орталық мемлекеттік органдары атынан жасалған халықаралық шарттардың қолданысын тоқтата тұру немесе күшін жою туралы ұсыныстарды қарайды және олар бойынша қолданысын тоқтата тұрудың немесе күшін жоюдың сыртқы саяси орындылығы туралы қорытындылар береді.

 Ескерту. 29-бапқа өзгерту енгізілді - ҚР 2010.07.15 N 335-IV (қолданысқа енгізілу тәртібін 2-баптан қараңыз) Заңымен.

Статья 1 ...27 28 29 30 31 ...32 

Перейти к статье
Скачать бесплатно Қазақстан Республикасының халықаралық шарттары туралы 2005 жылғы 30 мамырдағы N 54 

Задать вопрос на юридическом форуме



Добавить комментарий к 29-бап Қазақстан Республикасының халықаралық шарттары туралы 2005 жылғы 30 мамырдағы N 54