Ваш гид в законодательстве Казахстана

Каз Рус

Қазақстан Республикасының халықаралық шарттары туралы
31-бап. Қазақстан Республикасы халықаралық шарттың өзі үшін мiндетті екендігіне келiсімін бiлдiретiн немесе халықаралық шарттың қолданысын тоқтата тұру немесе тоқтату ниетiн білдiретін халықаралық актілердi жасау



Ст. 31 Қазақстан Республикасының халықаралық шарттары туралы 2005 жылғы 30 мамырдағы N 54



1. Егер Қазақстан Республикасының халықаралық шарттарында ратификациялық грамоталар алмасу немесе ратификациялық грамоталарды депозитарийге сақтауға тапсыру көзделген болса, Қазақстан Республикасының Президентi Қазақстан Республикасының халықаралық шарттарын ратификациялау туралы заңдар негiзiнде ратификациялық грамоталарға қол қояды, бұл оның мөрiмен, сондай-ақ Қазақстан Республикасы Сыртқы iстер министрiнiң қойылған қолымен және мөрiмен бекiтiледi. 

2. Ратификациялық грамоталар, Қазақстан Республикасының халықаралық шарттарын ратификациялау, бекiту немесе қабылдау туралы құжаттар алмасуды не осындай грамоталарды, ратификациялау, бекiту, қабылдау немесе қосылу туралы құжаттарды депозитарийге сақтауға өткiзудi, халықаралық шарттардың қолданысын тоқтату, тоқтата тұру не олардың күшiн жою туралы құжаттарды жолдауды Қазақстан Республикасының Сыртқы iстер министрлiгi не оның тапсырмасы бойынша Қазақстан Республикасының дипломатиялық өкiлдiктерi немесе Қазақстан Республикасының халықаралық ұйымдар жанындағы өкілдіктері жүргізеді.

Статья 1 ...29 30 31 31-1 32 

Перейти к статье
Скачать бесплатно Қазақстан Республикасының халықаралық шарттары туралы 2005 жылғы 30 мамырдағы N 54 

Задать вопрос на юридическом форуме



Добавить комментарий к 31-бап Қазақстан Республикасының халықаралық шарттары туралы 2005 жылғы 30 мамырдағы N 54