Ваш гид в законодательстве Казахстана


Печать

Ст. 4 Қазақстан Республикасының халықаралық шарттары туралы 2005 жылғы 30 мамырдағы N 54


Действующий с изменениями и дополнениями. Проверено 19.03.2024

Қазақстан Республикасының халықаралық шарттары туралы
4-бап. Қазақстан Республикасы қатысушы болуға ниеттенетін халықаралық шарттарға, сондай-ақ халықаралық шарттардың жобаларына ғылыми сараптама

1. Қазақстан Республикасы қатысушысы болуға ниеттенетін халықаралық шарттар бойынша, сондай-ақ халықаралық шарттардың жобалары бойынша ғылыми (құқықтық, лингвистикалық, экологиялық, қаржылық және басқа да) сараптама жүргізілуі мүмкін.

 Міндетті ғылыми құқықтық және лингвистикалық сараптамалар ратификациялауға жататын:

Қазақстан Республикасы қатысушысы болуға ниеттенетін халықаралық шарттар бойынша – оларды ратификациялау немесе оларға ратификациялау жолымен қосылу туралы шешім қабылданғанға дейін;

 халықаралық шарттардың жобалары бойынша – оларға қол қойылғанға дейін жүргізіледі.

Ғылыми (экологиялық, қаржылық және басқа да) сараптамалардың өзге де түрлері Қазақстан Республикасы қатысушысы болуға ниеттенетін халықаралық шарттармен, сондай-ақ халықаралық шарттардың жобаларымен реттелетін құқықтық қатынастарға қарай жүргізіледі.

Қазақстан Республикасы қатысушысы болуға ниеттенетін халықаралық шарттар, сондай-ақ халықаралық шарттардың жобалары бойынша ғылыми сараптама жүргізу қағидаларын Қазақстан Республикасының Үкіметі бекітеді. 

2. Ғылыми сараптаманы Қазақстан Республикасы қатысушы болуға ниеттенетін халықаралық шарттың жобасын әзірлеуге қатысқан немесе халықаралық шартты жасасуға бастамашы болған адамдарды қоспағанда, ғылыми ұйымдар және (немесе) тиісті бейіндегі жоғары оқу орындары, қаралатын халықаралық шарттың немесе халықаралық шарт жобасының мазмұнына қарай ғалымдар мен мамандар арасынан тартылған, оның ішінде шетелдік бір немесе бірнеше сарапшы (сараптама комиссиясы) жүргізеді. 

3. Ғылыми сараптама:

1) Қазақстан Республикасы қатысушы болуға ниеттенетін халықаралық шарттың немесе халықаралық шарт жобасының сапасын, негізділігін, уақтылылығын және оған қатысудың заңдылығын бағалау;

2) Қазақстан Республикасы қатысушы болуға ниеттенетін халықаралық шартта немесе халықаралық шарттың жобасында адамның және азаматтың Қазақстан Республикасының Конституциясында кепілдік берілген құқықтары мен бостандықтарын сақтау;

3) Қазақстан Республикасы қатысушы болуға ниеттенетін халықаралық шарттың, сондай-ақ халықаралық шарт жобасының ықтимал тиімділігін айқындау;

4) халықаралық шарт жасасудың ықтимал теріс салдарын анықтау;

5) Қазақстан Республикасы заңнамасының Қазақстан Республикасы қатысушы болуға ниеттенетін халықаралық шартқа немесе халықаралық шарттың жобасына сәйкестігін бағалау мақсатында жүргізіледі.

4. Қазақстан Республикасы қатысушы болуға ниеттенетін халықаралық шарттар бойынша, сондай-ақ халықаралық шарттардың жобалары бойынша ғылыми сараптама жүргізу туралы шешім:

1) Қазақстан Республикасы Президентінің, Қазақстан Республикасы Президенті Әкімшілігі Басшысының, Қазақстан Республикасы Премьер-Министрінің, Қазақстан Республикасы Премьер-Министрі Кеңсесі Басшысының тапсырмасы негізінде;

2) Қазақстан Республикасы Парламенті депутаттарының бастамасы бойынша;

3) халықаралық шарт жасасу туралы ұсыныс берген орталық мемлекеттік органның бастамасы бойынша, сондай-ақ халықаралық шарттың немесе халықаралық шарт жобасының келісілуін жүзеге асыратын басқа да орталық мемлекеттік органдардың ұсыныстары бойынша қабылдануы мүмкін.

 Ескерту. 4-бап жаңа редакцияда - ҚР 2010.07.15 N 335-IV (қолданысқа енгізілу тәртібін 2-баптан қараңыз) Заңымен, өзгерістер енгізілді - ҚР 2011.04.01 N 425-IV (алғашқы ресми жарияланған күнінен бастап қолданысқа енгізіледі); 30.01.2014 № 168-V (алғашқы ресми жарияланған күнінен кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі) Заңдарымен.
Статья 1 ...2‑2 3 4 5 6 ...32

Перейти к статье
Новые комментарии на сайте

При проверки сотрудниками сейфа сигнализация сработала как нужно, сверили номера ружей, затем потребовали сертификат на сигнализацию который я не смог предоставить. Выписали штраф

Законно ли это действие Костанай


толық емес жұмыс уақыты бойынша еңбек шартына жыл сайынғы ақылы еңбек ақы төленеді ме?

Трудовой договор по совместительству смогу ли я получит ежегодный оплачиваемый отпуск?


здравствуйте 22.02.24. Составили протокол по 432-2 ст. Административное правонарушение . То что я как покурил бросил окурок на землю , но я не бросал его а положил на железное ограждения, и начал разгружать машину ,после собирался забрать и выбросить в урну, но подошли сотрудники, и составили протокол. Подскажите что делать. Я не подписывал протокол,а указал что не согласен





345 часть 3 получил ограничения свободы на 2 года 5 месяцев. Когда можно ходатайство подать, чтобы убрать ограничение свободы. Неше ай уакыт оту керек. Рахмет


Последние комментарии






Вы юрист? Нужны новые клиенты?
Разместите информацию о себе

- Это бесплатно

- Информация о 5 лучших юристах на всех страницах сайта

- Эту рекламу видят более 10 000 посетителей в день

- Для поднятия рейтинга надо отвечать на вопросы пользователей

Зарегистрироваться