Ваш гид в законодательстве Казахстана

Каз Рус
< Микроқаржы ұйымдары туралы

Микроқаржы ұйымдары туралы
1-бап. Осы Заңда пайдаланылатын негiзгi ұғымдар



Ст. 1 Микроқаржы ұйымдары туралы 2012 жылғы 26 қарашадағы № 56-V




Осы Заңда мынадай негiзгi ұғымдар пайдаланылады:

1) есептік тіркеу – микроқаржы ұйымын осы Заңның 14-бабына сәйкес микроқаржы ұйымдарының тізіліміне қосу;

2) кредиттiк дерекнама – микроқаржы ұйымы әрбiр қарыз алушыға қалыптастыратын құжаттар мен мәлiметтер;

3) қарыз алушы – микроқаржы ұйымымен микрокредит беру туралы шарт жасасқан жеке немесе заңды тұлға;

4) мақсатты микрокредит – микрокредит беру туралы жасалған шартқа сәйкес қарыз алушының белгiлi бiр мақсаттарға оны пайдалануының талаптарымен берiлген микрокредит;

5) микрокредит – микроқаржы ұйымы қарыз алушыға осы Заңда айқындалған мөлшерде және тәртiппен ақылылық, мерзімділік және қайтарымдылық шарттарымен Қазақстан Республикасының ұлттық валютасында беретiн ақша;

6) микроқаржы ұйымдарының тізілімі – микроқаржы ұйымдарының бірыңғай тізбесі;

7) микроқаржы ұйымы – коммерциялық ұйым болып табылатын, ресми мәртебесі әділет органдарында мемлекеттік тіркелумен және есептік тіркеуден өтуімен айқындалатын, микрокредиттер беру жөнiндегi қызметтi, сондай-ақ осы Заңмен рұқсат етілген қосымша қызмет түрлерін жүзеге асыратын заңды тұлға;

8) өтініш беруші – микроқаржы ұйымына микрокредит алуға өтініш берген жеке немесе заңды тұлға;

9) уәкілетті орган – Қазақстан Республикасының Ұлттық Банкі.


Статья 1 2 3 ...32 

Перейти к статье






Добавить комментарий к 1-бап Микроқаржы ұйымдары туралы 2012 жылғы 26 қарашадағы № 56-V