Ваш гид в законодательстве Казахстана

Каз Рус

Печать

Микроқаржы ұйымдары туралы
14-бап. Микроқаржы ұйымдарын есептік тіркеу

Ст. 14 Микроқаржы ұйымдары туралы 2012 жылғы 26 қарашадағы № 56-V


Действующий с изменениями и дополнениями. Проверено 20.04.2018

1. Микроқаржы ұйымы есептік тіркеуден өту үшін уәкілетті органға:

1) өтінішті;

2) алып тасталды - ҚР 16.05.2014 № 203-V Заңымен (алғашқы ресми жарияланған күнінен кейін алты ай өткен соң қолданысқа енгізіледі);

3) жарғылық капиталдың төленгенін растайтын құжаттардың көшірмелерін, сондай-ақ меншікті капиталдың ең төменгі мөлшерінің сақталғаны туралы ақпаратты;

4) ішкі бақылау қызметі туралы ережені (бар болса);

5) микроқаржы ұйымы қызметінің стратегиясын, микроқаржы ұйымы бағдарланған нарық сегментінің айқындамасын, қызмет түрлерін, маркетинг (клиентураны қалыптастыру) жоспарын, ұйымның қызметін қаржыландыру көздерін ашып көрсететін бизнес-жоспарды;

6) өтініш берген күннің алдындағы күнгі жағдай бойынша құрылтайшылар (қатысушылар) туралы, атқарушы органның бірінші басшысы (мүшелері), бас бухгалтер (болған кезде) туралы мәліметтерді;

7) микрокредиттер беру қағидаларының көшірмесін;

8) "Қазақстан Республикасындағы кредиттік бюролар және кредиттік тарихты қалыптастыру туралы" Қазақстан Республикасының Заңына сәйкес жасалған ақпарат беру туралы шарттың көшірмесін және кредиттік тарихтарды қалыптастыру және оларды пайдалану жүйесінің қатысушыларына қойылатын талаптарға сәйкестігі туралы құжаттың көшірмесін;

9) микроқаржы ұйымын есептік тіркеуден өткізгені үшін алымның төленгенін растайтын құжатты береді.

1-1. Есептік тіркеуден өту үшін микроқаржы ұйымы мөлшері мен төлеу тәртібі Қазақстан Республикасының салық заңнамасында айқындалатын алым төлейді.

2. Есептік тіркеуден өту және микроқаржы ұйымдарының тізілімін жүргізу қағидасын уәкілетті орган әзірлейді және бекітеді.

3. Уәкілетті орган есептік тіркеуден өтуге арналған өтінішті құжаттардың толық топтамасы ұсынылған күннен бастап он бес жұмыс күні ішінде қарайды.

4. Уәкілетті орган осы баптың 3-тармағында белгіленген мерзімде микроқаржы ұйымын микроқаржы ұйымдарының тізіліміне енгізуге және оны осы шешім туралы хабардар етуге не есептік тіркеуден бас тарту себептері туралы жазбаша түрде дәлелді жауап беруге міндетті.

5. Есептік тіркеуден өткен микроқаржы ұйымдарының тізілімі уәкілетті органның интернет-ресурсында орналастырылады.

Ескерту. 14-бапқа өзгерістер енгізілді - ҚР 16.05.2014 № 203-V (алғашқы ресми жарияланған күнінен кейін алты ай өткен соң қолданысқа енгізіледі); 24.11.2015 № 422-V (01.01.2016 бастап қолданысқа енгізіледі); 25.12.2017 № 122-VI (01.01.2018 бастап қолданысқа енгізіледі) Заңдарымен.

Статья 1 ...12 13 14 15 16 ...32

Перейти к статье






Добавить комментарий к 14-бап Микроқаржы ұйымдары туралы 2012 жылғы 26 қарашадағы № 56-V