Ваш гид в законодательстве Казахстана

Каз Рус
< Микроқаржы ұйымдары туралы

Микроқаржы ұйымдары туралы
16-бап. Микроқаржы ұйымдарының тізілімінен шығару үшін негіздер



Ст. 16 Микроқаржы ұйымдары туралы 2012 жылғы 26 қарашадағы № 56-V



1. Микроқаржы ұйымы микроқаржы ұйымдарының тізілімінен:

1) қызметін осы Заңның, Қазақстан Республикасының өзге де заңдарының, сондай-ақ уәкілетті органның нормативтік құқықтық актілерінің нормаларын ұдайы (қатарынан күнтізбелік он екі ай ішінде үш реттен көп) бұза отырып жүзеге асырған;

2) пруденциялық нормативтерді және (немесе) сақталуға міндетті өзге де нормалар мен лимиттерді ұдайы (қатарынан күнтізбелік он екі ай ішінде үш реттен көп) бұзған;

3) уәкілетті органға есептілікті ұдайы (қатарынан күнтізбелік он екі ай ішінде үш реттен көп) ұсынбаған;

4) анық емес ақпаратты бергені үшін әкімшілік жауаптылыққа екі реттен көп рет тартылған;

5) уәкілетті органның жазбаша нұсқамаларын ұдайы (қатарынан күнтізбелік он екі ай ішінде үш реттен көп рет) орындамаған;

6) осы Заңда көзделмеген қызмет түрлерін жүзеге асырғаны үшін әкімшілік жауаптылыққа екі реттен көп рет тартылған;

7) микроқаржы ұйымы микроқаржы ұйымдарының тізіліміне қосылған күннен бастап қатарынан күнтізбелік он екі ай бойы қызметті жүзеге асырмаған;

8) микроқаржы ұйымының қызметін тоқтату туралы сот шешімі заңды күшіне енген;

9) микроқаржы ұйымы қайта ұйымдастыру немесе тарату жолымен өз қызметін ерікті түрде тоқтату туралы шешім қабылдаған жағдайларда шығарылады. Бұл ретте, микроқаржы ұйымы микроқаржы ұйымдарының тізілімінен шығару туралы өтініш бергенге дейін өзінің барлық міндеттемелерін орындауға тиіс. Өтінішке бір мезгілде барлық міндеттемелерінің орындалғанын растау туралы хат қоса беріледі;

10) микроқаржы ұйымы тексеру жүргізуге, оны белгіленген мерзімдерде жүргізуге мүмкіндік бермейтін екі реттен көп рет кедергі жасаған жағдайларда шығарылады.

2. Микроқаржы ұйымдарының тізілімінен шығарылған жағдайда, шығарылған күннен бастап күнтізбелік жеті күн ішінде уәкілетті орган микроқаржы ұйымын бұл жөнінде жазбаша түрде хабардар етеді.

Хабарлама есептік тіркеуден өту үшін өтініште көрсетілген мекенжай бойынша жіберіледі.

3. Микроқаржы ұйымдарының тізілімінен шығару туралы уәкілетті органның шешіміне Қазақстан Республикасының заңдарында белгіленген тәртіппен шағым жасалуы мүмкін.

Микроқаржы ұйымдарының тізілімінен шығару туралы уәкілетті органның шешімдеріне шағым жасау осы шешімдердің орындалуын тоқтата тұрмайды.

4. Микроқаржы ұйымдарының тізілімінен өзінің шығарылғаны туралы уәкілетті органның жазбаша хабарламасын алғаннан кейін микроқаржы ұйымының жаңа микрокредиттер беруіне тыйым салынады.

5. Микроқаржы ұйымы микроқаржы ұйымдарының тізілімінен шығарылғаны туралы уәкілетті орган хабарлаған сәттен бастап күнтізбелік отыз күн ішінде микроқаржы ұйымының атауын өзгерту не оны қайта ұйымдастыру не тарату туралы шешім қабылдауға міндетті.

Статья 1 ...14 15 16 17 18 ...32 

Перейти к статье






Добавить комментарий к 16-бап Микроқаржы ұйымдары туралы 2012 жылғы 26 қарашадағы № 56-V