Ваш гид в законодательстве Казахстана

Каз Рус
< Микроқаржы ұйымдары туралы

Микроқаржы ұйымдары туралы
17-бап. Микрокредиттер беру қағидалары



Ст. 17 Микроқаржы ұйымдары туралы 2012 жылғы 26 қарашадағы № 56-V



Микрокредиттер беру қағидаларында мынадай мәлiметтер:

1) микрокредит беруге арналған өтінішті беру тәртібі және оны қарау тәртібі;

2) микрокредит беру туралы шартты жасасу тәртібі;

3) микрокредиттiң шекті сомалары және оны беру мерзiмдерi;

4) берiлетiн микрокредиттер бойынша сыйақы мөлшерлемелерінің шектi шамалары;

5) берiлген микрокредиттер бойынша сыйақы төлеу тәртiбi;

6) микроқаржы ұйымы қабылдайтын қамтамасыз етуге қойылатын талаптар;

7) берілетін микрокредиттер бойынша жылдық тиімді сыйақы мөлшерлемесін есептеу қағидалары;

8) микрокредитті өтеу әдістері қамтылуға тиіс.

Микрокредиттер беру қағидаларында микрокредит берудің өзге де шарттары және Қазақстан Республикасының заңдарына қайшы келмейтін мәліметтер де қамтылуы мүмкін.

Статья 1 ...15 16 17 18 19 ...32 

Перейти к статье






Добавить комментарий к 17-бап Микроқаржы ұйымдары туралы 2012 жылғы 26 қарашадағы № 56-V