Ваш гид в законодательстве Казахстана

Каз Рус
< Микроқаржы ұйымдары туралы

Микроқаржы ұйымдары туралы
19-бап. Микроқаржы ұйымдары қызметiнiң қосымша түрлерi



Ст. 19 Микроқаржы ұйымдары туралы 2012 жылғы 26 қарашадағы № 56-V



1. Микроқаржы ұйымдары микрокредиттер беру жөнiндегi қызметiне қосымша мынадай қызмет түрлерiн:

1) Қазақстан Республикасының резиденттерiнен және резидент еместерiнен қарыздар (азаматтардан кәсiпкерлiк қызмет ретiнде қарыз түрiнде ақша тартуды қоспағанда) мен гранттар тартуды;

2) уақытша бос активтердi екiншi деңгейдегi банктердiң депозиттерiне орналастыруды;

3) Қазақстан Республикасының заңдарында көзделген тәртiппен микрокредиттi қамтамасыз ету ретiнде алынған кепiлдегі мүлiкті пайдалануды және оған иелік етуді;

4) кредиттік бюролардың, микроқаржы ұйымдарының, банкноттарды, монеталарды және құндылықтарды инкассациялау жөнінде қызметтер көрсететін ұйымдардың және күзет қызметіне лицензиясы бар ұйымдардың акцияларын немесе жарғылық капиталына қатысу үлестерін сатып алуды;

5) меншікті мүлкiн өткізуді;

6) микрокредиттер беру жөнiндегi қызметке байланысты мәселелер бойынша консультациялық қызметтер көрсетуді;

7) меншікті мүлкiн мүліктік жалға беруді (жалдауды);

8) лизинг қызметiн іске асыруды;

9) микроқаржы ұйымдары қызметінің мәселелері жөніндегі арнайы әдебиетті ақпарат тасымалдағыштың кез келген түрінде өткізуді;

10) Қазақстан Республикасының резиденттері – сақтандыру ұйымдарының атынан және тапсырмасы бойынша сақтандыру агенті ретінде сақтандыру шарттарын жасасуды;

11) Қазақстан Республикасының заңнамасына сәйкес электрондық ақша эмитентінің агенті функцияларын іске асыруды;

12) хеджирлеу мақсатында жасалатын туынды қаржы құралдарымен мәмілелерді бағалы қағаздардың ұйымдастырылған нарығында жасасуды жүзеге асыруға құқығы бар.

2. Микроқаржы ұйымдарына осы Заңда көзделмеген өзге кәсіпкерлік қызметті жүзеге асыруға тыйым салынады.

Статья 1 ...17 18 19 20 21 ...32 

Перейти к статье






Добавить комментарий к 19-бап Микроқаржы ұйымдары туралы 2012 жылғы 26 қарашадағы № 56-V