Ваш гид в законодательстве Казахстана

Каз Рус
< Микроқаржы ұйымдары туралы

Микроқаржы ұйымдары туралы
28-бап. Микроқаржы ұйымына қолданылатын ықпал ету шаралары және оларды қолдану негіздері



Ст. 28 Микроқаржы ұйымдары туралы 2012 жылғы 26 қарашадағы № 56-V




1. Микроқаржы ұйымы пруденциялық нормативтерді және сақталуы міндетті өзге де нормалар мен лимиттерді бұзған, микроқаржы ұйымының лауазымды адамдары мен қызметкерлерінің құқыққа сыйымсыз іс-әрекеттері немесе әрекетсіздігі анықталған кезде уәкілетті орган осы бапта белгіленген ықпал ету шараларын қолданады. Ықпал ету шаралары деп шектеулі ықпал ету шаралары мен санкциялар түсіндіріледі.

2. Уәкілетті органның шектеулі ықпал ету шаралары ретінде микроқаржы ұйымына мынадай шектеулі шараларды қолдануға:

1) мiндеттеме-хат талап етуге;

2) орындалуы мiндеттi жазбаша нұсқама беруге;

3) жазбаша ескерту шығаруға;

4) жазбаша келісім жасауға құқығы бар.

Микроқаржы ұйымының мiндеттеме-хатында орын алып отырған кемшiлiктердi мойындау фактiсi және микроқаржы ұйымы басшысының жоспарланған шаралар тiзбесiн көрсете отырып, оларды қатаң белгiленген мерзiмде жою жөніндегі кепiлдігi болуға тиiс.

Анықталған кемшiлiктердi белгiленген мерзiмде жоюға бағытталған түзеу шараларын қабылдау туралы микроқаржы ұйымына берілген нұсқау уәкілетті органның жазбаша нұсқамасы болып табылады. Уәкiлеттi органның жазбаша нұсқамасына сотқа шағым жасау оның орындалуын тоқтата тұрмайды.

Қазақстан Республикасының заңнамасын микроқаржы ұйымының бұзғанын (бұзушылықтарын) уәкілетті орган анықтаған жағдайда немесе егер орын алып отырған кемшiлiктер уәкілетті орган белгiлеген мерзiмде жойылмайтын болса, осы баптың 4-тармағында көзделген санкцияларды микроқаржы ұйымына қолдану мүмкiндiгi туралы уәкiлеттi органның хабарламасы жазбаша ескерту болып табылады.

Жазбаша келісім уәкілетті орган мен микроқаржы ұйымы арасында анықталған кемшіліктерді тез арада жою қажеттігі туралы және осыған байланысты бірінші кезектегі шараларды бекіту туралы жасалады. Жазбаша келісім микроқаржы ұйымының қызметінде қаржылық жағдайды жақсарту жөніндегі тиімді үйлестірілген шаралар қолдануды талап ететін қаржылық нашарлау байқалған жағдайларда жасалуы қажет. Жазбаша келісімде микроқаржы ұйымының басқару органы және (немесе) атқарушы органы алдағы уақытта кемшіліктерді жою, қаржылық жағдайды жақсарту жөнінде қолданатын іс-қимылдар мен олардың орындалу мерзімдері көрсетіледі. Жазбаша келісімге қол қоя отырып, микроқаржы ұйымы оның талаптарын орындау жөнінде өзіне міндеттемелер қабылдайды.

3. Микроқаржы ұйымы шектеулі ықпал ету шарасын құжатта көрсетілген мерзімде орындағаны туралы уәкілетті органды хабардар етуге міндетті.

Егер бұзушылықты жою үшін белгіленген мерзім бір айдан асатын болса, микроқаржы ұйымы орын алған кемшіліктерді жою жөніндегі іс-шаралардың орындалуы туралы уәкілетті органды ай сайын айдың жиырмасына дейін хабардар етеді.

Бір шектеулі ықпал ету шарасын қолдану Қазақстан Республикасының заңдарында көзделген жағдайларда басқа шектеулі ықпал ету шараларының қолданылуын жоққа шығармайды, бұдан бұрын қабылданған шаралардың қолданылуын тоқтата тұрмайды және тоқтатпайды.

4. Уәкілетті орган осы Заңның 16-бабының 1-тармағында көзделген негіздер бойынша санкциялар ретінде микроқаржы ұйымын микроқаржы ұйымдарының тізілімінен шығарады.

5. Уәкiлеттi органның микроқаржы ұйымына осы бапта көзделген ықпал ету шараларын қолдану туралы шешіміне сотқа шағымдануға болады.


Статья 1 ...26 27 28 29 30 ...32 

Перейти к статье






Добавить комментарий к 28-бап Микроқаржы ұйымдары туралы 2012 жылғы 26 қарашадағы № 56-V