Ваш гид в законодательстве Казахстана

Каз Рус

Микроқаржы ұйымдары туралы
31-1-бап. Микроқаржы ұйымының көрсетілетін қызметтерін келісу



Ст. 31-1 Микроқаржы ұйымдары туралы 2012 жылғы 26 қарашадағы № 56-V



1. Микроқаржы ұйымы уәкілетті органның нормативтік құқықтық актісінде көзделген тәртіппен микроқаржы ұйымының тұтынушыларына микрокредиттерді беру бойынша көрсетілетін қызметтерді ұсыну үшін уәкілетті органның келісімін алуға міндетті.

2. Уәкілетті орган микроқаржы ұйымын қабылданған шешім туралы жазбаша хабардар етеді.

3. Уәкілетті орган құжаттардың толық топтамасы ұсынылмаған не ұсынылған құжаттар уәкілетті органның нормативтік құқықтық актісінде көзделген талаптарға сәйкес келмеген жағдайда микроқаржы ұйымына микроқаржы ұйымының тұтынушыларына микрокредиттер беру бойынша көрсетілетін қызметтерді ұсыну үшін келісім беруден бас тартады.

4. Уәкілетті орган микроқаржы ұйымдарына микроқаржы ұйымының тұтынушыларына микрокредиттерді ұсыну үшін берілген келісімдерді есепке алуды жүргізеді.

 Ескерту. 5-тарау 31-1-баппен толықтырылды - ҚР 16.05.2014 № 203-V Заңымен (алғашқы ресми жарияланған күнінен кейін алты ай өткен соң қолданысқа енгізіледі).

Статья 1 ...30 31 31-1 32 

Перейти к статье
Скачать бесплатно Микроқаржы ұйымдары туралы 2012 жылғы 26 қарашадағы № 56-V 

Задать вопрос на юридическом форуме



Добавить комментарий к 31-1-бап Микроқаржы ұйымдары туралы 2012 жылғы 26 қарашадағы № 56-V