Ваш гид в законодательстве Казахстана


Печать

Ст. 4 Микроқаржы ұйымдары туралы 2012 жылғы 26 қарашадағы № 56-V


Действующий с изменениями и дополнениями. Проверено 19.03.2024

Микроқаржы ұйымдары туралы
4-бап. Микрокредит беру туралы шарт

1. Микрокредит беру туралы шарт мәміленің жазбаша нысанына қойылатын Қазақстан Республикасы азаматтық заңнамасының талаптары ескеріле отырып жасалады. 

2. Микроқаржы ұйымы жасаған микрокредит беру туралы шарт жөніндегі ақпарат Қазақстан Республикасының кредиттік бюролар және кредиттік тарихты қалыптастыру туралы заңнамасында айқындалған талаптарда мемлекет қатысатын кредиттік бюроға міндетті түрде берілуге жатады. 

3. Қазақстан Республикасының азаматтық заңнамасында белгіленген талаптар ескеріле отырып, уәкілетті органның нормативтік құқықтық актісімен микрокредит беру туралы шарт жасасу тәртібі, оның ішінде шарттың және микрокредиттің толық құны (микрокредит бойынша артық төлем сомасы, микрокредит нысанасы) туралы ақпаратты қамтитын бірінші бетінің мазмұнына, ресімделуіне, микрокредит беру туралы шарттың міндетті шарттарына қойылатын талаптар, сондай-ақ микрокредитті өтеу кестесінің нысаны бекітіледі. 

3-1. Жеке тұлғамен күнтізбелік қырық бес күнге дейінгі мерзімге жасалған, республикалық бюджет туралы заңда тиісті қаржы жылына белгіленген айлық есептік көрсеткіштің елу еселенген мөлшерінен аспайтын мөлшерде микрокредит беру туралы шарт бойынша осы Заңның 5-бабының 1-тармағында белгіленген талап шарт мынадай талаптарға сәйкес келген кезде: 

1) микрокредит беру туралы шарт бойынша сыйақы уәкiлеттi органның нормативтiк құқықтық актiсiнде белгіленген шекті мәннен аспаса; 

2) микрокредит беру туралы шарт бойынша микрокредит сомасын қайтару және (немесе) сыйақыны төлеу жөніндегі міндеттемені бұзғаны үшін тұрақсыздық айыбының (айыппұлдың, өсімпұлдың) мөлшері мерзімін өткізіп алған әрбір күн үшін орындалмаған міндеттеме сомасының 0,5 пайызынан аспаса; 

3) микрокредит нысанасын қоспағанда, қарыз алушының микрокредит беру туралы шарт бойынша барлық төлемдері, микрокредит беру туралы шартта көзделген сыйақы мен тұрақсыздық айыбының (айыппұлдың, өсімпұлдың) сомасын қоса алғанда, жиынтығында микрокредит беру туралы шарт қолданылатын бүкіл кезеңде берілген микрокредит сомасының жартысынан аспаса; 

4) шартта микрокредит сомасын ұлғайтуға тыйым салу қамтылса; 

5) микрокредит беру туралы шарттың қолданылу мерзімі тараптардың келісімі бойынша қолданыстағы немесе жақсартатын жағдайларда ұлғайтылуы мүмкін болса; 

6) микрокредит беру туралы шарт бойынша міндеттемені орындау мерзімін өткізіп алған жағдайда, микроқаржы ұйымы ұсынған жақсартатын жағдайларда микрокредит беру туралы шарттың қолданылу мерзімін ұлғайту арқылы төлемді кейінге қалдыру қарыз алушының өтініші бойынша міндетті түрде жүргізілсе, қолданылмайды. Бұл ретте, микрокредит беру туралы шарттың қолданылу мерзімін ұлғайту жүзеге асырылатын жалпы мерзім күнтізбелік қырық бес күннен аспауға тиіс. 

4. Алып тасталды – ҚР 02.07.2018 № 168-VІ (01.01.2019 бастап қолданысқа енгізіледі) Заңымен.

4-1. Микрокредит беру туралы шарт бойынша құқықтар (талаптар) үшінші тұлғаға берілген кезде Қазақстан Республикасының заңнамасымен кредитордың қарыз алушымен микрокредит беру туралы шарт шеңберіндегі өзара қатынастарына қойылатын талаптар мен шектеулердің күші қарыз алушының өзіне микрокредит беру туралы шарт бойынша құқықтар (талаптар) берілген үшінші тұлғамен құқықтық қатынастарына қолданылады, ал микрокредит беру туралы шарт бойынша құқықтар (талаптар) сервистік компанияның сенімгерлік басқаруына берілген жағдайда, Қазақстан Республикасының заңнамасымен кредитордың қарыз алушымен микрокредит беру туралы шарт шеңберіндегі өзара қатынастарына қойылатын талаптар мен шектеулердің күші қарыз алушының сервистік компаниямен құқықтық қатынастарына қолданылады.  

Өзіне микрокредит беру туралы шарт бойынша құқықтар (талаптар) берілген үшінші тұлғаның, сондай-ақ сервистік компанияның Қазақстан Республикасының заңнамасымен кредитордың қарыз алушымен микрокредит беру туралы шарт шеңберіндегі өзара қатынастарына қойылатын талаптар мен шектеулерді бұзуы Қазақстан Республикасының заңдарында белгіленген жауаптылыққа алып келеді. 

5. Алып тасталды – ҚР 02.07.2018 № 168-VІ (01.01.2019 бастап қолданысқа енгізіледі) Заңымен.

6. Жеке тұлғаға берілген тұрғынжай және (немесе) тұрғынжай орналасқан жер учаскесі болып табылатын жылжымайтын мүлік ипотекасымен қамтамасыз етілген, кәсіпкерлік қызметті жүзеге асыруға байланысты емес микрокредит беру туралы шартты орындау талаптарын өзгерту немесе жеке тұлғаға берілген тұрғынжай және (немесе) тұрғынжай орналасқан жер учаскесі болып табылатын жылжымайтын мүлік ипотекасымен қамтамасыз етілген, кәсіпкерлік қызметті жүзеге асыруға байланысты емес микрокредитті өтеу мақсатында жаңа микрокредит беру кезінде мерзімі өткен сыйақыны, тұрақсыздық айыбын (айыппұлды, өсімпұлды) негізгі борыш сомасына капиталдандыруға (жинақтап қосуға) жол берілмейді. 

7. Жеке тұлғамен жасалған, кәсіпкерлік қызметті жүзеге асыруға байланысты емес және тұрғынжай және (немесе) тұрғынжай орналасқан жер учаскесі болып табылатын жылжымайтын мүлік ипотекасымен қамтамасыз етілмеген микрокредит беру туралы шартты орындау талаптарын өзгерту немесе жеке тұлғаның кәсіпкерлік қызметті жүзеге асыруға байланысты емес және тұрғынжай және (немесе) тұрғынжай орналасқан жер учаскесі болып табылатын жылжымайтын мүлік ипотекасымен қамтамасыз етілмеген микрокредитін өтеу мақсатында жаңа микрокредит беру кезінде негізгі борыш сомасына капиталдандырылған (жинақтап қосылған) мерзімі өткен сыйақыға, тұрақсыздық айыбына (айыппұлдарға, өсімпұлдарға) сыйақыны есепке жазуға жол берілмейді. 

Ескерту. 4-бапқа өзгерістер енгізілді - ҚР 24.11.2015 № 422-V (01.01.2016 бастап қолданысқа енгізіледі); 06.05.2017 № 63-VI (алғашқы ресми жарияланған күнінен кейін күнтізбелік жиырма бір күн өткен соң қолданысқа енгізіледі); 02.07.2018 № 168-VІ (01.01.2019 бастап қолданысқа енгізіледі); 03.07.2019 № 262-VI (01.01.2020 бастап қолданысқа енгізіледі); 24.05.2021 № 43-VII (қолданысқа енгізілу тәртібін 2-б.қараңыз); 04.07.2022 № 133-VII (алғашқы ресми жарияланған күнінен кейін күнтізбелік алпыс күн өткен соң қолданысқа енгізіледі); 12.07.2022 № 138-VII (алғашқы ресми жарияланған күнінен кейін күнтізбелік алпыс күн өткен соң қолданысқа енгізіледі) Заңдарымен.

Статья 1 2 3 4 5 6 ...32

Перейти к статье
Новые комментарии на сайте

При проверки сотрудниками сейфа сигнализация сработала как нужно, сверили номера ружей, затем потребовали сертификат на сигнализацию который я не смог предоставить. Выписали штраф

Законно ли это действие Костанай


толық емес жұмыс уақыты бойынша еңбек шартына жыл сайынғы ақылы еңбек ақы төленеді ме?

Трудовой договор по совместительству смогу ли я получит ежегодный оплачиваемый отпуск?


здравствуйте 22.02.24. Составили протокол по 432-2 ст. Административное правонарушение . То что я как покурил бросил окурок на землю , но я не бросал его а положил на железное ограждения, и начал разгружать машину ,после собирался забрать и выбросить в урну, но подошли сотрудники, и составили протокол. Подскажите что делать. Я не подписывал протокол,а указал что не согласен





345 часть 3 получил ограничения свободы на 2 года 5 месяцев. Когда можно ходатайство подать, чтобы убрать ограничение свободы. Неше ай уакыт оту керек. Рахмет


Последние комментарии






Вы юрист? Нужны новые клиенты?
Разместите информацию о себе

- Это бесплатно

- Информация о 5 лучших юристах на всех страницах сайта

- Эту рекламу видят более 10 000 посетителей в день

- Для поднятия рейтинга надо отвечать на вопросы пользователей

Зарегистрироваться