Ваш гид в законодательстве Казахстана

Каз Рус

Микроқаржы ұйымдары туралы
5-бап. Микрокредит бойынша жылдық тиімді сыйақы мөлшерлемесі



Ст. 5 Микроқаржы ұйымдары туралы 2012 жылғы 26 қарашадағы № 56-V



1. Микрокредитті бергені, оған қызмет көрсеткені және оны өтегені (қайтарғаны) үшін микроқаржы ұйымына төленуге жататын сыйақыны, олар бар болса – комиссиялық және өзге де төлемдерді қамтитын, қарыз алушының шығыстарын ескере отырып есептелетін, микрокредит бойынша анық, жылдық, тиімді, салыстырмалы түрде есептелген сыйақы мөлшерлемесі жылдық тиімді сыйақы мөлшерлемесі болып табылады.

Микрокредит бойынша жылдық тиімді сыйақы мөлшерлемесінің мөлшері уәкілетті органның нормативтік құқықтық актісінде айқындалған шекті мөлшерден аспауға тиіс.

2. Берілетін микрокредиттер бойынша жылдық тиімді сыйақы мөлшерлемесін есептеу қағидасын уәкілетті орган әзірлейді және бекітеді.

3. Қарыз алушының ақшалай міндеттемелерінің сомасын (мөлшерін) және (немесе) оларды төлеу мерзімін өзгертуге әкеп соғатын микрокредит беру туралы шарттың талаптары өзгерген кезде жылдық тиімді сыйақы мөлшерлемесінің нақтыланған мәнін есептеу микрокредит беру туралы шарттың қолданылу мерзімі басталғаннан бері микрокредит бойынша қарыз алушы жасаған төлемдер ескерілмей, талаптары өзгертілетін күнгі берешек қалдығы, микрокредитті өтеудің қалған мерзімі негізге алына отырып жүргізіледі.

Статья 1 ...3 4 5 6 7 ...32 

Перейти к статье
Скачать бесплатно Микроқаржы ұйымдары туралы 2012 жылғы 26 қарашадағы № 56-V 

Задать вопрос на юридическом форуме



Добавить комментарий к 5-бап Микроқаржы ұйымдары туралы 2012 жылғы 26 қарашадағы № 56-V