Ваш гид в законодательстве Казахстана

Каз Рус
< Микроқаржы ұйымдары туралы

Микроқаржы ұйымдары туралы
9-бап. Қарыз алушының құқықтары мен мiндеттерi



Ст. 9 Микроқаржы ұйымдары туралы 2012 жылғы 26 қарашадағы № 56-V



1. Қарыз алушының:

1) микрокредиттер беру қағидаларымен, микроқаржы ұйымының микрокредиттер беру тарифтерімен танысуға;

2) алған микрокредитке микрокредит беру туралы шартта белгіленген тәртіппен және талаптармен билік етуге;

3) өз құқықтарын Қазақстан Республикасының заңдарында белгіленген тәртіппен қорғауға;

4) микрокредит беру туралы шарт бойынша берілген микрокредит сомасын микроқаржы ұйымына мерзімінен бұрын толық немесе ішінара қайтаруға;

5) осы Заңда, Қазақстан Республикасының өзге де заңдарында және микрокредит беру туралы шартта белгіленген өзге де құқықтарды жүзеге асыруға құқығы бар.

2. Қарыз алушы:

1) микрокредит беру туралы шартта белгiленген мерзiмдерде және тәртiппен алынған микрокредиттi қайтаруға және ол бойынша сыйақыны төлеуге;

2) микроқаржы ұйымы осы Заңға сәйкес сұрататын құжаттар мен мәлiметтердi беруге;

3) осы Заңда және Қазақстан Республикасының өзге де заңнамасында және микроқаржы ұйымымен жасалған шарттарда белгіленген өзге де талаптарды орындауға мiндеттi.

Статья 1 ...7 8 9 10 11 ...32 

Перейти к статье






Добавить комментарий к 9-бап Микроқаржы ұйымдары туралы 2012 жылғы 26 қарашадағы № 56-V