Ваш гид в законодательстве Казахстана

Каз Рус

Микрокредиттiк ұйымдар туралы
1-бап. Осы Заңда пайдаланылатын негiзгi ұғымдар



Ст. 1 Микрокредиттiк ұйымдар туралы



Осы Заңда мынадай негiзгi ұғымдар пайдаланылады:



1) қарыз алушы - микрокредиттiк ұйыммен микрокредит беру туралы шарт жасасқан жеке немесе заңды тұлға;



2) кредиттiк досье - микрокредит беру туралы жасалған шартқа сәйкес берiлген, микрокредиттiк ұйым әрбiр қарыз алушыға қалыптастырған құжаттар мен мәлiметтер;



3) микрокредит - микрокредиттiк ұйым қарыз алушыға осы Заңда белгiленген мөлшерде және тәртiппен ақылылық, мерзiмдiлiк және қайтарымдылық талаптарымен беретiн ақша;



4) микрокредиттiк ұйым - осы Заңда белгiленген тәртiппен микрокредиттер беру жөнiндегi қызметтi жүзеге асыратын заңды тұлға;



5) мақсатты микрокредит - қарыз алушыға микрокредит беру туралы жасалған шартқа сәйкес белгiлi бiр мақсаттарға пайдалану талаптарымен берiлген микрокредит.

Ескерту. 1-бапқа өзгерту енгiзiлдi - ҚР 2006.12.08 N 198 (ресми жарияланған күнiнен бастап қолданысқа енгiзiледi) Заңымен.  

Статья 1 2 3 ...22 

Перейти к статье
Скачать бесплатно Микрокредиттiк ұйымдар туралы 

Задать вопрос на юридическом форуме



Добавить комментарий к 1-бап Микрокредиттiк ұйымдар туралы