Ваш гид в законодательстве Казахстана

Каз Рус
< Микрокредиттiк ұйымдар туралы

Микрокредиттiк ұйымдар туралы
10-бап. Микрокредиттiк ұйымның жарғылық капиталын  қалыптастыру



Ст. 10 Микрокредиттiк ұйымдар туралы



1. Mикрокредиттiк ұйымның құрылтайшылары (қатысушылары) құрылатын микрокредиттiк ұйымның жарғылық капиталының ең төменгi мөлшерiн оны мемлекеттiк тiркеу кезiне қарай тек қана Қазақстан Республикасының ұлттық валютасымен ақшалай толық төлеуге мiндеттi.



2. Құрылатын микрокредиттiк ұйымның жарғылық капиталының және барлық қатысушылар салымдарының ең төменгi мөлшерi Қазақстан Республикасының республикалық бюджет туралы заңында тиiстi қаржы жылына арнап белгiленген айлық есептiк көрсеткiштiң мың еселенген мөлшерiнен кем болмауға тиiс.



3. Осы баптың ережесi коммерциялық емес микрокредиттiк ұйымдарға қолданылмайды.  

Статья 1 ...8 9 10 11 12 ...22 

Перейти к статье






Добавить комментарий к 10-бап Микрокредиттiк ұйымдар туралы