Ваш гид в законодательстве Казахстана

Каз Рус

Ең төмен әлеуметтік стандарттар және олардың кепілдіктері туралы
27-бап. Отбасы және балалар саласындағы ең төмен әлеуметтік стандарт



Ст. 27 Ең төмен әлеуметтік стандарттар және олардың кепілдіктері туралы 2015 жылғы 19 мамырдағы № 314-V ҚРЗ



1. Отбасы және балалар саласындағы ең төмен әлеуметтік стандарт отбасы және балалар мүдделерінің қорғалуына әлеуметтік кепілдіктер мен әлеуметтік құқықтардың іске асырылуын қамтамасыз етеді.

2. «Отбасына тәрбиелеуге (асырап алуға, қорғаншылыққа немесе қамқоршылыққа, патронатқа, баланы қабылдайтын отбасына) берілген жетім балалардың, ата-аналарының қамқорлығынсыз қалған балалардың құқықтары мен мүдделерін қорғауды қамтамасыз ету» ең төмен әлеуметтік стандарты отбасы және балалар саласындағы ең төмен әлеуметтік стандарт болып табылады.

3. Отбасы және балалар саласындағы ең төмен әлеуметтік стандарт Қазақстан Республикасының заңнамасына сәйкес белгіленеді және қолданылады.

 Ескерту. 27-бапқа өзгеріс енгізілді - ҚР 09.04.2016 № 501-V Заңымен (алғашқы ресми жарияланған күнінен кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі).

Статья 1 ...25 26 27 28 29 ...39 

Перейти к статье
Скачать бесплатно Ең төмен әлеуметтік стандарттар және олардың кепілдіктері туралы 2015 жылғы 19 мамырдағы № 314-V ҚРЗ 

Задать вопрос на юридическом форуме



Добавить комментарий к 27-бап Ең төмен әлеуметтік стандарттар және олардың кепілдіктері туралы 2015 жылғы 19 мамырдағы № 314-V ҚРЗ